Атырау, 9 қараша 03:36
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Балабақша ақысы 8 мың теңге болды

10 157 просмотра

1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының  өсуі себеп болып отыр.

Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған). «Бұл мәжбүрлі шара», - дейді қалалық білім беру бөліміндегілер. Соңғы рет азық-түлік жеткізушілер үшін тендер өткен жылдың көктемінде өткізілген болатын. Осы уақыт ішінде бүлдіршіндердің ас мәзірінде үнемі қолданылатын ет, көкөністер мен жармалар әжептәуір қымбаттап кетті.

Биылғы жылы тендер өткізуді қалалық білім беру бөлімі өз қолдарына алмақ. Бұрын балабақшалар бұл мәселені өздері шешетін. Тендер шамамен сәуір айында өткізіледі. Бастысы - одан кейін төлемақы тағы көтеріліп кетпесе болғаны.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

16 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.