Атырау, 30 мамыр 04:11
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Мүгедектің мұңы қашан сейілер? Қоғам

Мүгедектің мұңы қашан сейілер?

«АЖ» поштасына индерлік, бірінші топтағы мүгедек Қабес Қапаров жан айқайын былайша жеткізді. ‑ Мен «АЖ» газетіндегі «Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Ондағы жатақхана тұрғындарының қаржы жетпестігіне байланысты ауылдарға еріксіз көшірілгені турасында оқып, жаным жараланды. Өйткені мен де аудан әкімінің құр уәдесіне алданып қалған болатынмын. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 370 рет қаралды
Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі  Қоғам

Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі

Жыл сайын  Атыраудағы қалалық  орта мектептерді ондаған   жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөсіпірімдер бітіріп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте жетімдердің өмір жолы маңдайға жазылғандай анық, яғни балалар үйі, одан соң оларды тездеп орта білім беретін кәсіби колледждер мен лицейлерге орналастырып жіберуге тырысады, кейбірі жоғары оқу орындарына түсіп жатады.  Әне-міне дегенше жастар ер етіп, 23 –ке келеді. Шынын айтқанда қорғансыз балалар үшін бұл сан құлаққа жазадай естілуі мүмкін. Өйткені, осы жасқа дейін ғана олар мемлекеттен бөлінетін пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейін олар ешкімге керек емес... 13 қаңтар 2011, 00:00 13 265 рет қаралды
Қоғам

Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр

Бұл жайлы редакцияға Сәтбаев көшесі, №5 үйдің 9-подъезд тұрғындары атынан хабарласқан 74 жастағы Шархат УЗБАЕВА  әжей  мәлімдеді. Олар пәтерлеріне келіп тұрған суды екі ай бойына  пайдалана алмай отырған көрінеді. Оның айтуынша, краннан аққан су да, кранның өзі де қол ұстатпайды, ток тартады. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 442 рет қаралды
Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді? Қоғам

Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді?

Жақында редакциямызға бүкіл қаланың маршруттарының кассирлері мен көлік жүргізушілері атынан келіп тұрмын деп Гуля Сұлтанғалиева есімді әйел келді. Ол қаладағы жолаушылар көлігінде кассир болып жұмыс істейді екен. 13 қаңтар 2011, 00:00 5 090 рет қаралды
Қоғам

Балқұдықтықтар үшін Кедендік Одақ мазақ пен азап болғаны ма?

Бәлкім Кедендік одақтың  (КО) біз әзірге сезіне қоймаған көптеген жақсы жақтары болар. Алайда, Құрманғазы ауданы, Балқұдық селосы тұрғындарының енді неге екені белгісіз Қазақстан-Ресей шекарасынан өту мүмкіндігі жоқ.  12 қаңтар 2011, 00:00 5 308 рет қаралды
ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ Қоғам

ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ

Бір топ атыраулық ардагер геолог-барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсімов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгізуді талап етті. Геологтар бұл талаптарын бұған дейін де бірталай лауазымды тұлғаларға жолдаған екен. 12 қаңтар 2011, 00:00 7 195 рет қаралды
Дін туралы зайырлы қадам Қоғам

Дін туралы зайырлы қадам

Таяуда мектеп бағдарламасында жаңа дінтану пәні пайда болмақ. Ата-аналардың көбі балаларына не нәрсе оқытады екен деп елеңдеп қалды. Жаңа пән қалыптаспаған жасөспірімнің түйсігіне әсер етіп жүрмей ме деген қауіптері бар. Осындай сұрақты осы мәселемен айналысатын барлық инстанцияларға қойған едік. 12 қаңтар 2011, 00:00 8 607 рет қаралды
Сәрсенбайдың жаңажылдық тілегі Қоғам

Сәрсенбайдың жаңажылдық тілегі

Жаңа жыл басталғаннан кейін бір сағат өткен соң мен Исатай-Махамбет алаңына келдім. Ызғарлы желге қарамастан, бұл жерге бірнеше мың адам жиналыпты. Халықтың бір бөлігі батырдың ескерткішінің жанына фотосуретке түсіп жатса, енді біреулері аспанға отшашулар атып мәз боп жатты. 6 қаңтар 2011, 00:00 3 644 рет қаралды
Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?  Қоғам

Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?

Енді азғантай күнде әкімдердің халық алдында жылдық есебі тыңдалады. Индер ауданының әкімі тыңдарман халықтың алдында қандай жетістіктер мен олқылықтарды алға тартатыны белгісіз. Өйткені, ауданда қордаланған проблемалар жетіп артылады. 6 қаңтар 2011, 00:00 15 158 рет қаралды
Қоғам

Бұл қыс қоян үшін қауіпті

Атыраулықтар үшін дәмді тағамдардың бірі – қоян етінен жасалған қуырдақ. Бұл аңды жыл сайын 15 қараша мен 15 ақпан аралығында аулайды. Қазіргідей қыстың қары аз болса, қоян еш жерде жасырына алмайды, өйткені оның түсі ақ боп келетіндіктен, алыстан көзге шалынады. 6 қаңтар 2011, 00:00 7 174 рет қаралды
Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы Қоғам

Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы

Біз елімізге сырттан келген шетелдік мамандардың беделді компанияларда тәуір жұмыспен қамтылуымен қоймай, олардың американдық қалашық секілді көркем аудандардан баспанамен де қамтамасыз етілетінін көргенде ішіміз удай ашып, іштей тынамыз. Себебі, олардың алатын жалақысы күнделікті тамағы мен еліндегі отбасын асыруға ғана емес, пәтер жалдап тұруға да жетіп артылады. Ал біздің отандық мамандар шетелге шығып жұмыс істеу түгіл, Қазақстанның өзге облыстарында жұмыс іздеп барғанда тиімді бағаға қолайлы баспана іздеп әуре. Онысы табылса, кәне?... Өзге өңірге шықпай-ақ, өз қаласында сандалып жүрген жандар қаншама? 6 қаңтар 2011, 00:00 8 175 рет қаралды
Қоғам

Әскери Жаңа жыл немесе«Сау болыңыз, Мэри Поппинс»

Жаңа жыл отбасымен қарсы алатын мерекеге айналған. Әскерде де солай – оны өзіңнің жаңа «отбасыңмен» қарсы аласың. Қаласаң да, қаламасаң да солай ету керек. Біз әртүрлі уақытта жедел әскери борышын өткерген оқырмандарымыздан осы мерекені қалай қарсы алғандарын сұрастырған едік. 6 қаңтар 2011, 00:00 5 190 рет қаралды
Темір тордағы жаңажылдық көңіл-күй Қоғам

Темір тордағы жаңажылдық көңіл-күй

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде қазір 272 әйел жаза мерзімдерін өтеуде. Олар Қоян жылынан бір-ақ нәрсе күтеді. Ол – рақымшылыққа (амнистияға) ілігіп, туған үйлеріне оралу, бауырлары мен бала-шағасының қасында болу. 6 қаңтар 2011, 00:00 5 698 рет қаралды
Электрониканың бастан кешкендері немесе электронды қызметке ие болу нұсқаунамасы Қоғам

Электрониканың бастан кешкендері немесе электронды қызметке ие болу нұсқаунамасы

Электронды үкімет туралы көп айтылды да, жазылды да. Бұл үшін үкіметтің PR-кампаниясына рахмет айтамыз. Алайда іс жүзінде мұның не екенін түсіне қою қиын. Дегенмен де үкімет басындағы озық ойлы шенеуніктердің пікірінше, egov.kz порталы қарапайым халықтың өмірін әжептәуір жеңілдетпек. 5 қаңтар 2011, 00:00 6 441 рет қаралды
Мейірімге бөлеген Аяз ата Қоғам

Мейірімге бөлеген Аяз ата

«…Келді!.. міне!.. жаңа!.. жыл!.. – Сабыр Қазыбаев атындағы интернаттың тәрбиеленушісі үш жасар Нұрбибі Сайлау бар дауысымен, ап-анық етіп тақпақ айта бастады, - Қарсы!.. алайық!.. бәріміз! Күліп!.. ойнап!.. би билеп!». Тек кішкентай балалар ғана өкпелеріне көбірек ауа толтырып алып, мүдірмей, толқығаннан үстеріндегі киімдерін тартқылап,  тақпақтарды дәл осылай айтады ғой. Нұрбибінің кішкентай ғана басындағы үлкен бантик оның әр сөзінен кейін селкілдеп тұрды. Ал оның баданадай, сенгіш, үрке қараған әрі шаттанған көздерін айтсаңызшы. Бұл сәби қарсы алдында Ақшақарымен бірге нағыз Аяз Атаның тұрғанына жүз пайыз СЕНЕДІ, бұған күмән жоқ. 29 желтоқсан 2010, 00:00 10 486 рет қаралды