Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды.
Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр?
ТАР ЖЕРДЕГІ ТІРШІЛІК
Емхананың өз жеке ғимараты жоқ, ол облыстық стоматология ғимаратының 350 шаршы метр болатын жерін жалға алған. Екінші қабатқа көтерілгенде А4 қағазға «балалар стоматологиясы» деп, есік әйнегіне скотчпен жапсырылған жазуды көрдік. Сәл төменгі жағына сол жаққа қарай бұрылу керектігін нұсқап көрсетіпті. Бұл жерден адасу мүмкін емес. Фойе де, тіркеу бөлімі де, күбілерге отырғызылған гүлдер де жоқ. Жүздері шаршаңқы аналар жайғасқан бірнеше орындықтар бар. Олардың бәрі ерте тұрып, Атырау облысының түкпір-түкпірінен тіс жегісі мен ауыз уылуынан зардап шеккен балаларын алып келіпті. Қарама қарсы қанатта, сондай-ақ бірінші және үшінші қабаттарда «ересектер» стоматологиясы жұмыс істейді.
Облыстық балалар емханасы орын алып отырған жерде сегіз кабинет бар. Осынау кіп-кішкентай бөлмелердің стоматологиялық кабинет деген ұғымға сай келмейтінін түсіну үшін санитарлық дәрігер болудың қажеті жоқ. Жабдықталған кресло бүкіл кеңістікті алып жатыр. Кішкентай пациент пен оның ата-анасынан басқа ол жерде үш стоматолог-дәрігер, екі медбике және кіші медициналық қызметкер айналсоқтап жүр.
«Мына кресло мен барлық құрал-саймандар – стоматологияның соңғы жетістіктері, - дейді мақтанышпен емхананың бас дәрігері Таласпай ОРАЗБАЕВ. – Алайда осы ХХІ ғасыр технологиялары тиісті канализациялық жүйелер мен сумен қамту жүйелерінсіз оғаш көрінеді. Бұрандалы түтік жүйесімен жұмыс істейміз, - деп әзілдейді дәрігер. – Осы жерге су құйылған стакан қоямыз, ал мында түкіруі керек. Содан кейін кіші медқызметкер осының бәрін раковинада тазалайды. Ал, негізі, бұл қондырғы автоматты түрде стаканды суға толтырып, ал түкіретін жер тиісті нүкте басылғанда сумен шайылып кетуі керек.
- Мына жер емдеу кабинеті, мына жер хирургия кабинеті, ал мына жерде – физиокабинет пен зертхана бар, - деп көрсетті кабинетінен шығып, кезек күткен топтың арасынан сыналай өткен бас дәрігер. – Орындар, әрине, аз. Дәлізде адамдар толып кетпес үшін, келу уақыты көрсетілген талондар береміз, бірақ... өзіңіз көріп тұрсыз ғой. Ой, кешіріңіз, - деді әлдебіреудің аяғын басып кеткен ол қысыла.
ДӘРІГЕР ТӨБЕЛЕСУГЕ ДАЙЫН БОЛСА
Сонда мәселе қайда жатыр? Егер адамдар кезекке тұрғылары келмесе, әлдебір жеке стоматологиялық кабинетке белгілі бір уақытқа жазылып, одан кем түспейтін кәсіби көмек ала алады ғой.
«Әрине, ала алады, - дейді Таласпай Жатақұлы. – Бірақ сәбиге көмек бере алмайды. Менің білуімше, қаладағы бірде бір жеке стоматологтың балаларды емдеуге лицензиясы жоқ. Сенбейсіздер ғой, бірақ балалар тіс дәрігерінің ересектер дәрігерінен айырмашылығы көп. Облысымызда балалар емханасы тек біреу болғандықтан, кішкентай пациенттер осылайша көптеп келуде. Оның өзі де тар жерге орналасқан. Сондықтан адамдардың басқа таңдаулары жоқ. Кезекке тұрып, бейнеттенулеріне тура келеді.
- Менің білуімше, жыл сайын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі тексеру жүргізгеннен кейін емхана қызметі әрдайым тоқтатылады. Сонда балалар қайда қаралады?
- Құпиялап айтайын, ол тек қағаз жүзінде ғана тоқтатылады. Бізді жабуға болмайды, өйткені бізді алмастыратын емхана жоқ. Иә, біз санитарлық талаптарға сай келмейміз. Бізде емдеу үшін лайықты жағдай жасалмағандығымен келісемін, бірақ біз не істей аламыз? Қашан дұрыс ғимарат салады деп күтіп, балаларды жапа шектіріп, тастап кете алмаймыз ғой. Бізге актілер жаза салатын санэпидемиологтардың бұнымен шаруасы жоқ... Мен төбелессем де, емхананы жаптырмаймын.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор
Орташа алғанда балалар стоматологиясының бір дәрігері алты сағаттық ауысымда екі жүз елу адамға дейін кісі қабылдайды.