Атырау, 13 қазан 05:52
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік

3 337 просмотра

Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина»  орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы  және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді.  

«Дина» сауда-кешенді компаниясы бас директорының орынбасары Оспан СӘЛІМГЕРЕЕВ бұл алып-қашпа әңгімені үзілді-кесілді жоққа шығарды.Ал, қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙ әзірге тұрғын үй құрылысы үшін бос аумақтардың жеткілікті екендігін айтып, болашақтағы жоспарларға тоқтала кетті.

2011 жылыжергілікті билік бюджет қаржысына өткен жылға қарағанда одан үш есе көп тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Қазіргі Нұрсая мөлтек ауданының картасында тағы да екі мөлтек аудан-Болашақ және Тұлпар пайда болмақшы.

Үстіміздегі жылы сол Нұрсаяның өзінде 11 коммуналдық, 3 жалға берілетін және 2 несиелік үй салынатын болады. Ал, Болашақ пен Тұлпарда тағы да 9 және 8 үй бой түземек. Құлманов, Сырым Датов, Жарбосынов және Ерниязов (Тульская) көшелеріндегі үйлер күрелетін болады. Сол жерлердің өзінде көп пәтерлік тұрғын үйлер салынады. Бүгінгі күні болашақ коммуналдық тұрғын үйдің қазықтары Мақаш Бекмұхамбетов (Мұнайшы) атындағы спорт кешенінің жанында қағылып та үлгерілді.

В.Цойдың айтуынша, барлығы 51 үй салынады екен. Тұрғын үйлер бір ғана жоба бойынша бой түзейді. Олар цокольді және тұрғын алаңы болып есептелмейтін мансардты қабаты бар бес қабатты үйлер болмақ. 2011 жылы осындай мың жарым пәтер салу жоспарланып отыр. Салыстыру үшін келтірер болсақ: өткен жылы 10 жалға берілетін, 4 коммуналдық және 530 пәтерлік 3 несиелік үйлер салынған болатын. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.