Атырау, 27 желтоқсан 02:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі

4 125 просмотра

Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін   мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер.

Алғаш боп біздің байырғы оқырманымыз, ұзақ жылдар бойына демікпемен ауыратын Сария Т. дабыл қақты. Демікпе ұстамасын басуға арналған аэрозольдің өткен жылғы қорының түбі көрініп қалды, ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында жаңа препараттар дәріханаларға әлі түспеген екен. Өмір үшін маңызды препараттарды табу үшін ол әйел облыстық денсаулық сақтау басқармасына да, жеткізуші - «Медицина» АҚ-на да қоңырау шалған, алайда өз сұрағына жауапты әлі таппаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қабылдау бөліміндегі қыз дәрі-дәрмек бөлімінің бастығы жұмысынан кеткенін, ал жаңа бастықтың тағайындалмағанын абыржи хабарлады. Бөлімде бұл маманның міндетін атқаратын тұлға да жоқ екен.

«Медицина» АҚ фармацевтикалық бөлімінде тендердің жергілікті деңгейде өткенімен, нәтижесі белгісіз екендігін мәлімдеді. Яғни, әзірге ешкім де дәрі-дәрмектерді жеткізу туралы келісім-шартқа қол қоймаған. Тендер нәтижесін жариялағаннан кейін және келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін жеткізушіге тапсырыс беруге және жеткізуге уақыт қажет. Атыраудағы науқастар дәрі-дәрмектерді тағы да тек көктемге жақын алмақ. Ендеше былтырғы уәделерді не үшін берген? Ал стационарлардың жағдайы не боп жатыр?

Атырау облыстық емханалық аурухананың емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Сәния БАХТИЯРОВА былай дейді:

- Барлық тапсырыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына тамыз айында жібердік. «Фармация» бізді сол кезде 2011 жылы дәрі-дәрмектерді қоймаларымызға өткен жылдың желтоқсанында жеткізетінін айтып сендірген болатын. Алайда әлі күнге дейін бірде бір таблетка қолымызға тиген жоқ. Біздің аурухананың жағдайын 80-90 пайыз бір жеткізушіге кіріптар болып отырған шағын және аудандық емханалардың жағдайы секілді әлі де мүшкіл емес деп ойлаймын. Біз, ірі және көп профильді емдеу мекемесі ретінде бір жеткізушіге тәуелді емеспіз. «СҚ Фармация» бізге дәрі-дәрмектердің 40 пайызын жеткізіп береді, ал қалғандарын басқа фирмалар жеткізеді. Соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі де бар.

- Бәрінен бұрын қандай бөлімдер зардап шегуде?

- Барлығы да, өйткені, біз көрсететін қызметтердің 60% шұғыл жағдайларда көрсетіледі. Егер қарапайым ғана ауруды сездірмейтін препараттар жетіспейтін болса, қалай емдеуге болады? Қазірдің өзінде-ақ пациенттерден шағымдар түсе бастады, иә, мен оларды түсінемін. Олар газеттен басқаша оқыса, іс жүзінде оған керісінше болып жатады.   

- Мұндай жағдайлардан шығудың жолы бар ма?

- Өткен жылдың ащы тәжірибесі бізді үйретіп тастады, өткен жылдың қорлары есебінен тығырықтан шығып отырмыз. Ол жылдарда біз дәрілерді тек мамыр айында ғана алатынбыз, биылғы жылы да осы жағдай қайталануы мүмкін. Ал, стационар үшін 13 қажетті деген және біздің тапсырысымызда көрсетілген препараттар тіпті, тендер арқылы өтпеген болып шықты. Оған себеп-Денсаулық сақтау министрлігі шектеулі мөлшердегі бағаларды белгілеген. Яғни, олардың бағаларының төменділігі соншалықты – бірде-бір жеткізіп беруші өзін шығынға бататындый жұмысты атқарғысы келмейді. 

Дәрі-дәрмектерді бірден-бір жеткізуші дистрибьютор өкілі- «Самрұқ Қазына-Фармация» ЖШС 2011 жылдың қаңтарында-ақ дәрілердің медициналық мекемелерге жекізілетіндігіне сендірген болатын. Жекелей алғанда, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің тауар қорларын жеткізу және басқару жұмыстары жөніндегі бөлім бастығы Берік ШӘРІП  «Business Resource» басылымына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді: «Желтоқсанда барлық дәрі-дәрмек қоймаға түседі, ал, қаңтар айында еліміздің барлық медициналық мекемелеріне жеткізіледі». Биылғы жылы «СҚ-Фармация» дәрі-дәрмектерді 34 млрд. теңгеге сатып алады!

Алайда, соңғы ахуалдарға қарап, «СҚ-Фармация» мұндай ауқымды көлемді орындай ала ма деген   күдіктер ұялайды. Өткен жылы бірден-бір жеткізуші науқанның жүзеге аспай қалғандығын облыстық денсаулық сақтау басқармаларының тапсырыстарды кешіктіргендігімен түсіндірген болатын. Ал, олар керісінше, кінәні жеткізушіге артқан еді. Бұдан басқа, «СҚ Фармация» ЖШС-де сауатты логистика болмаған, аймақтарда жеткізілген дәрі-дәрмектер үшін қоймалар мәселесі шешілмеген күйі қалған. Дәрі-дәрмектер оның ішінде диабетпен ауыратын сырқаттар үшін керекті дәрілер сапасына қатысты да  біраз шағымдар айтылды. Осы фактілерді тергеу барысында барынша арзан дәрілер мен медициналық құрал-жабдықтар алынатындығы анықталды. Ал, бұл олардың сапасының нашарлығын білдіреді.

Бұл жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ түсініктеме бергені жөн еді, алайда, оның жұмыс телефоны мен ұялы телефонына соғылған қоңыраулар жауапсыз қалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.