Атырау, 24 қараша 13:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Б.Сәрсенғалиев: «Біздің ауданымыз тоқырауда дегенмен келіспеймін»

5 452 просмотра

Кезекті онлайн-конференция қонағы Қызылқоға ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев болды.

- Ауданда бруцеллез зәрін төгіп тұрғанда облыстық бюджеттен малды егуге ақша бөлінбейді. Ауыл адамдары малдың көзін жойып, оны су тегінге сатып, не болмаса ветеринарлық комиссиядан  ауру малды жасырып қалып отыр. Аудан басшылығы бұл тығырықтан шығудың қандай амалын қарастырып отыр? Өткен жазғы аптап ыстыққа байланысты мал азығының жетіспеушілік проблемасы қалай шешілмекші?

Шолпан Б., Миялы селосы

- 2010 жылы аудан бойынша 53 мүйізді ірі қарадан, 195 мың қой мен ешкіден және мыңнан аса түйеден қан сынамасы алынған болатын. Нәтижесінде 2,3 мың мүйізді ірі қара, 361 қой мен ешкі аурулы болып шықты. Барлық ауру мал мал соятын орындарда сойылды. Малдың аурулы болуына республикалық «Эпизоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар үшін ағымдағы трансферттер» бағдарламасына сәйкесті мүйізді ірі қараға бруцеллезге қарсы вакцинаның қарастырылмауынан болып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығымен бірлесіп бекітілген ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкесті бруцеллезден емдеу серологиялық тексеру әдісімен жүргізілуі тиіс. Онда еттің еш кедергісіз союға жіберілуі тиіс екендігі көрсетілген. Бруцеллез анықталған Миялы селосының малы жаз айларында Құлсары қаласының «Атырау-сауда» ЖШС-нің мал сою қосынына етке тапсырылды. Еттің келісі 500-550 теңгеден сатып алынды, бұдан төмен бағада ауданда мал сатылған жоқ.

Мал азығының жетіспеушілігіне келетін болсақ, жазғы құрғақшылыққа қарамастан, биылғы жылы 102 пайыз пішен дайындалды. Теміржол бойында орналасқан Сағыз және Мұқыр селолық округтерінің тұрғындарына пішенді «Сағыз» ЖШС және «Сарықұмық» ШҚ дайындады. ¤ткен жылдың күзінде Миялы селосында пішен сату бойынша 3 рет және 14 рет ауылшарушылық өнімдерін сату жәрмеңкесі өткізілді. Бүгінгі күні мал азығын жеке кәсіпкерлер халыққа қолжетімді бағамен сатып жатыр.

ОЛ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ ЕМЕС, БАҒДАРЛАМАШЫ БОЛАДЫ

- Біздің Мұқыр селосында сирек кездесетін «Бос терінің синдромы» деген сырқатпен  ауыратын Нұржан Өркешбаев деген бозбала тұрады. Ол туралы кезінде баспасөзде көп жазылды. Ол Ресей, немістің, жапон дәрігерлерінің тексеруінен өтті. Бірақ, кейін сол Нұржан туралы ұмытыла бастады. Жергілікті билік оның Атырау қаласында дәрігерлерге жақын болуы үшін қаладан пәтер алып беруді уәде еткенімен, орындай қойған жоқ. Өркешбаевтардың отбасында газ, су жоқ. Алты адамнан тұратын отбасында тек әкесі ғана жұмыс жасайды. Әкесінің сөзіне қарағанда, ол қағазбастылықтан әлі күнге үйінің құжаттарын рәсімдей алмай жүрген көрінеді. Биылғы жылы аудандық әкімдік Нұржанды дәнекерлеушілікке оқыту үшін «Мирас» оқу орталығына жіберген. Алайда, алғашқы тәжірибе сабақтарының өзінде бозбаланың денсаулығы сыр берген. Неліктен поселкелік және аудандық әкімдіктер сол бозбалаға және оның отбасына көмек көрсетуді ұйымдастырмай отыр?

Болат К., Мұқыр селосы

- Мен өзім Нұржанмен аудандық білім беру бөлімінің меңгеруші қызметін атқарып жүрген кезімнен таныспын. Ол өте жақсы, адамдармен тіл табыса білетін жігіт. Бір кездері КВН ойындарына белсене қатысқан еді. Бүгінгі күні Өркешбаевтардың отбасында алты адам бар. Оның өзі ІІІ-топ мүгедегі ретінде 13842 теңге жәрдемақы алады. Ал, әкесі Жаңбырбай «Қайнармұнайгаз» өндірістік басқармасында жүргізуші болып жұмыс жасайды және селолық өлшеммен алғанда әжептәуір еңбекақы алады. Отбасының қалған мүшелері жұмыс жасамайды-Нұржанның анасы үй шаруасында, үлкен қыздары Атырауда колледжде оқиды, екі кіші інісі-Ерлан мен Талант Мұқыр орта мектебінде оқиды. Отбасы мал ұстайды. Әкелері осыдан үш жыл бұрын жергілікті тұрғыннан жер сатып алды, бірақ, жұмыстан қолы тимегендігінен қайтадан рәсімдей алмаған. Рәсімдеуді 2011 жылы бастайды. Бұл отбасы аз қамтылған отбасылар санатына жатпайтындықтан оларға газ беру бойынша жеңілдіктер қарастырылмайды.

Біз Нұржанға сабақта қиын болғандығын білеміз. Енді оны дәнекерлеушіге емес, бағдарламашы мамандығына оқытуға шешім қабылдап отырмыз. Ал, пластикалық ота жасатуға, ол ақылы болғандықтан  біз көмектесе алмаймыз. Атыраудан тұрғын үй беру мәселесін шешу де біздің құзырымызда емес.     

БЕС МЫҢ ҮЙГЕ ГАЗ ТАРТУЫМЫЗ КЕРЕК

Биылғы жылы Қызылқоға ауданына газ жүргізу үшін 5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні қай елді мекендерге газ тартылды? Газды үйге тарту тұрғындар үшін қаншаға шығады? Аз қамтылған отбасыларға газ жүргізу мәселесі қалай шешілуде? Тек Миялы селосының өзінде ондай 220 отбасы бар.

Талғат С., Миялы

- Бірінші кезеңде алғашқы желі ауданға Орталық Азия- Орталық магистральды газ құбырынан тартылған еді. Тәулігіне 720 текше метр газ беретін автоматтандырылған газқысымды станса салынды. Миялы селосына дейін жалпы ұзындығы 195,3 км. жоғары қысымды газ құбыры желісінің құрылысы аяқталды. Ол бүгінгі күні пайдалануға берілді. 16 елді мекенге газ жүргізу жұмыстарының бірінші кезеңін   «АТГ-құрылыс» ЖШС және «АтырауТрансГаз ЛТД» ЖШС-тері жүргізді.

Аудан бойынша жалпы алғанда 5 мың үйге газ тарту керек. Оның ішінде 1-ші кезеңнің, 1-ші желісі бойынша 16 елді мекендегі 3 мыңнан аса тұрғын үйге жүргізілуі тиіс. Олардың ішінде бүгінгі күні табиғи газды 1,3 мың үй пайдаланып отырса, 2,1 мың үйге газ желілері тартылып қойылды және 1,7 мыңы техникалық құжаттарын алды.  

Мұқыр және Сағыз  елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатының 2-ші кезеңінде Мақат поселкесінен жалпы ұзындығы 134 км. магистральды газ құбырының желісін «АТГ-Құрылыс» ЖШС тартты. 2010 жылдың жоспарына осы елді мекендердің ішкі желілерінің тартылуы енгізілмегеніне қарамастан бірнеше жүздеген үйлерге жүргізілді. 35 аз қамтылған отбасы мен 3 соғыс ардагеріне газ тегін жүргізіліп берілді. 14 жанұяға 50 пайыз жеңілдікпен тартылды. Кедейшілік деңгейіндегі 87 жанұяның әрқайсысының  есепшоттарына шамамен 200 мың  теңгедей қаржы газ құбыры желілерін үйлеріне жүргізуге, газ қазанын орнатуға және ішкі желілерді тартуға аударылды.  

БІЗДІҢ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ДАҢҚ САЯБАҒЫ

Өткен жылы Миялы селосында саябақ құрылысына (6 млн. теңге бөлінген болатын) бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған селолық әкім сотталған болатын. Биылғы жылы да осы мақсат үшін тағы да 27 млн. теңге бөлінді. Халықтың көпшілігі жұмыссыз, күнкөріс халі нашар селода салынған саябақ құрылысы қаншалықты өзін  ақтай алды? Сол ақшаны тұрмысы аз қамтылған жанұяларды газбен қаматамасыз етуге жұмсаған тиімдірек емес пе?

Қанат Т., Миялы селосы

- Шынында да 2009 жылы Миялыдағы жастар саябағын көріктендіруге 6 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл қаржыға саябаққа жарық шамдары орнатылып, кеспе тастар төселіп, сахна жасақталған болатын. Бұл қаржыны газдендіруге жұмсай алмаймыз, өйткені, біз ақшаны белгіленген мақсат бойынша ғана  жұмсауға құқылымыз.

Ал, биылғы жылы бөлінген қаржы жаңа «Даңқ» саябағының құрылысына жұмсалатын болады. Біздің ауданымыздан көптеген танымал мәдениет пен өнер қайраткерлері шықты, ал, жергілікті жастар оларды біле бермейді. Біздің жерде Исатай Тайманов, Халел Досмұхамбетов, Мұрат Мөңкеұлы, Мұса Баймұханов және басқалары дүниеге келген. Құрылыстың мақсаты-оларға деген құрметті таныту. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен бүгінгі күні аудан орталығындағы көшелер асфальттандырылуда, жарық тартылуда. 

МҰНАЙДАН ҮМІТІМІЗ БАР

Қызылқоға ауданы экономикалық тоқырау санатында деп есептеледі. ¤неркәсіптік өндіріс орындары жоқ, мал шаруашылығы тиісінше дамымай отыр дегендей. Соның салдарынан жұмыссыздар саны ресми мәліметтерге қарағанда тым көп. Өткен жылы тұрғындардың біраз бөлігі «Жол картасы» бағдарламасының аясында құрылыс нысандарында болды. Азғантай жалақыға қарамастан адамдар жұмыс жасады. Жаңа жылда ауылдағылардың жағдайы қалай болмақ?

Сәния Ш., Миялы

- Мен аудан тоқырау күй кешіп отыр дегенмен келіспеймін. Оның облыс орталығынан шалғай жатқандығы рас. Бүгінгі күні ауданда 32 мың адам тұрады. Бұл жерде дәстүрлі мал шаруашылығынан басқа, мұнай өндірісі де дамып келеді. Жекелеп айтар болсақ, «Қайнармұнайгаз» өндірістік басқармасында 800 қызметкер еңбек етеді, оның 50 пайызы жергілікті тұрғындар. Тағы бір кәсіпорын- «Мәтен» БК компаниясында 260 адам жұмыс істесе, олардағы жергілікті тұрғындар саны да аз емес. Бұдан басқа, біздің ауданымыздың аумағында, яғни, Сағыз ауданынан Ақтөбе облысымен шекарада мұнай қайраңдары табылды. Кен орынын игерумен қытайдың «Сағыз-Петролеум» компаниясы айналысатын болады. «Сырғанақ-2» кен орынындағы алғашқы мұнайды осы жылы-ақ алу жоспарланып отыр.  

Л.С. – Кен орнының алаңы қандай және ондағы жорамалданған қорлар қанша?

 - Қызылқоға ауданы аумағындағы кен орындарының алаңы 1,6 мың гектар. Біздің ақпараттарымыз бойынша бұрғылау ұңғылары осы жерде орналасады екен. Өндірістік кешен және басқа да қалған инфрақұрылымдар Ақтөбе облысының аумағында болады. Жерді жалға алу құжаттарын және 3 жылға лицензияны компания алып үлгерді. Әзірге қытайлықтар мұнай қоры туралы жариялап отырған жоқ. Аудандық мәслихат депутаттары өз тараптарынан қытайлық тарапқа бірнеше міндетті талаптарын ұсынды. Олардың ішінде экология нормаларын сақтау, кен орнына баратын кірме жолдар құрылысы және жанама аумақты көріктендіру, сондай-ақ, жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан тарту мәселелері бар. Бүгінгі күні біз қажетті деген маман-кадрларымызды дайындап үлгеру үшін компаниядан бұрғылау жұмыстары кезінде қажетті деген мамандықтар тізіміне сұрау салдық. Мен енді ауданымызда  жұмыссыздар саны азаятын болар деген ойдамын. Біз сондай-ақ, компанияға ауданда әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ТШО-дағы «Игілік» бағдарламасы секілді қор құру туралы ұсыныс жасадық. Барлық ұсыныстарымызды менеджер өз басшылығына жеткізуге уәде етті.

МАЛЫ БАРЛАР ЖҰМЫССЫЗ ЕМЕС

Л.С. – Сонымен сіздерде қанша жұмыссыз бар?

- Ресми мәліметтер бойынша шамамен 400-дей жұмыссыз бар. Ескерте кетейін, біз үйде мал ұстап отырғандарды жұмыссыздар ретінде тіркеуге алмаймыз. Жұмыссыздардың негізгі бөлігін әйелдер және жастар, мамандығы жоқ адамдар құрайды. 2011 жылы оларды жол құрылысына, Сағызда салынатын денешынықтыру кешені құрылысына, Миялы селосындағы спорт кешенінің құрылысына және қоғамдық жұмыстарға тартуға болады.

- Миялы-Сағыз тас жолы қашан пайдалануға беріледі?

- Миялы-Сағыз – бұл республикалық маңыздағы тас жолдарға шығатын және ауданды елді-мекенді қосындармен байланыстырып қана қоймай, өмірмен қамтамасыз ететін басты жол болмақ. ¤ткен жылы оның 12 шақырымы жөнделді. 2011 жылға 3 млрд. теңге бөлінді. Осы жолдың тағы да 50 шақырымын жөндеу үшін қосымша қаржы табу жұмыстары жүргізілуде. ¤ткен жылы жұмысты «Беркін Жылыой» және «АИС» компаниялары жасаған еді. Биылғы жылдың өткізілген тендер қорытындысы маған әзірге белгісіз.  

- Ауданды сумен жабдықтау жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Жоспарланған 70 шақырым су құбыры желісінің бүгінгі күні 23 шақырымы тартылды, 2011 жылы жұмыс жалғасатын болады.

- Тайсойған үйлерінде су қашан болады? Қыста құдықтан су тасу әбден титықтатты.  Және бізде қашан мобильді байланыс орнайды?

 Мұрат Қ., Тайсойған селосы

-  2010 жылы бір көшеге желі тартылды, ал, 2011 жылы тағы да екі көшеге жүргізілмекші. Бұл шағын елді мекен. Байланысқа келетін болсақ,  Тайсойғанға байланыс орнату бойынша Билайн ұялы операторымен келісімге қол жеткізілді.

Дайындаған Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.