Атырау, 24 қараша 11:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

3 175 просмотра

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік.

Оның айтуынша, бланкте жалған құжаттан қорғайтын үш қорғаныс белгісі болуы тиіс. Олардың ішінде микромәтін, көрінбейтін элемент, *KAZ* су белгісі міндетті боп табылады. Бланктің түсі барлық сақтандыру компаниялары үшін бірыңғай боп табылады. Бланк тек электронды түрде (ешқандай қолмен жазбайды) on-line режимінде тіркеліп, бірыңғай сақтандыру дерек қорында берілетін бірегей идентификациялық нөмір енгізіліп толтырылады. Сақтандырушы кез келген уақытта Call centre-ге (егер ол сақтандыру компаниясында болса) хабарласып, дерек қорға өз полисінің енгізілгендігі туралы дәлелдей алады.

Айтпақшы, бірде бір сақтандыру компаниясының мұндай бланктерді басып шығаруға құқығы жоқ. Қаржылық қадағалау агенттігінің талабы бойынша оларды банкноттық фабрикада су белгілері бар арнайы қағазға басып шығарады. Жаңалықтың енгізілуімен полисті өткізу реттеледі деп күтілуде, өйткені сату нүктелері техникалық жабдықталған болуы тиіс, кем дегенде компьютер мен интернеті болуы керек.

Сақтандыру полисінің бірыңғай бланкісі автоинспекторға қолайлы болмақ. Өйткені, көбінесе жүргізушілер көлік сақтандыру полисінің орнына бастысы «полис» деген сөз болса болды деп, кепілдік мүлігін сақтандыру полисін көрсетіп жүретін.

«2010 жылы жасалған келісім-шарттардың өз мерзімдері өткенше күшінде болатынын атап өткім келеді, - дейді Корнев. – Ал жаңалары бірыңғай үлгідегі бланкілерде болмақ. Бұл барлық сақтандыру компанияларына қатысты. Бұл өзгерістің сақтандырудың құнына еш әсері жоқ. Оның айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты екендігі белгілі.

Сөзімді түйіндей келе, автоәуесқойларға ұсынылатын жеңілдіктерге аса мұқият болуға кеңес беремін. Өйткені азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы заңда жеңілдіктер қарастырылмаған. Әрине, арзан болғаны қуантады, алайда тегін жатқан батпан құйрық болмайтыны белгілі. Егер компания негізсіз жеңілдіктер ұсынған болса, сақтандыру оқиғасы орын ала қалған жағдайда толықтай өтемақы алуға кепілдік бере ала ма? Сақтандырушыдан осыны толық түсіндіруін талап етіңіз».

Лев ГУЗИКОВ

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.