Гепатитпен сырқат дәрігерлердің емделуін мемлекет өз мойынына алып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА мәлімдеді.
Біз 2009 жылғы ақ қан ауруымен ауыратын балаларға ауруханада С гепатитін жұқтырған алматылық даудан кейін еліміздің барлық медициналық мекемелеріне тексеру жүргізілгендігі туралы жазған едік. Ерекше назар тіс дәрігерлері, акушерлерге, хирургтарға және процедуралық кабинеттердегі медбикелерге аударылған болатын. Тексеру барысында жұқпалы гепатит сараптамалары кейбір Атырау облысы дәрігерлерінің сырқат екендігін анықтаған еді. Сол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұның тек болжамды ғана мәліметтер екендігін, оның әлі де Республикалық орталықтың растауын талап ететіндігін сілтеп, жағдайға түсінік беруден бас тартқан болатын. «Бұл бірлі-жарым жағдай емес, мұндай фактілер бүкіл елімізде анықталып жатыр. Әңгіме өздерінің бар өмірінің көп жылын медицинаға арнаған адамдар тағдыры туралы болып отыр. Олардың проблемасы республикалық деңгейде шешілетін болады»,-дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түркіменбай НҰРЖІГІТОВ.
Толық клиникалық және зертханалық тексерулерден кейін диагноз расталды. «Біздің облысымызда В және С гепатиті 39 дәрігерден анықталып отыр. Олардың арасында тіс дәрігерлері, хирургтар, гинекологтар, анастезиологтар, медбикелер бар. Олардың гепатитті жұмыс барысында жұқтырғандығына байланысты, олардың емделу ақысын мемелекет төлейтін болады. Бүгінгі күні олар жұмыстарынан толық босатыла қойған жоқ, хирургиялық операцияларды жүргізумен байланысты емес және пациенттің қанымен тікелей байланыста болмайтын басқа жұмыстарға ауыстырылды»,-дейді Д.Камелова. Емдеу курстарынан кейін олар әрбір алты ай сайын тексеруден өтіп тұратын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА