ПИК жалпы жиналысы қарыз «қарарлары» туралы шешімді қарады
Қалалық әкімдік тұрғын үй-коммуналдық реформаны жүзеге асыруға кірісті. 18-ші ақпанда ПИК жиналысы болды, онда тұрғын үй қорын термомодернизациялау және күрделі жөндеу жөніндегі нақты жоспарлар көзделді.
2020 жылға дейін тұрғын үйді термомодернизациялау және күрделі жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру шаралары туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВ хабарлады. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен жергілікті бюджет арқылы шағын несиелі ұйымдарға жолданатын қаржы бөлінеді екен. Олар өз кезегінде кондоминиум (ПИК немесе үй басқармалары) нысандарын несиелеумен айналысатын болады. Әрбір ПИК 10 жыл мерзімге жылдық 5 пайыздық есеппен 12 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде несие ала алады. Ол үшін кооператив құрамына кіретін тұрғындар кем дегенде 500 мың теңге жинауға міндетті. Осылайша, С.Қазиевтің хабарлағанындай, үстіміздегі жылы пилотты жоба жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаның аясында Атырауда 50 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
С.Қазиев тұрғындардың мұны тез арада қолға алуы керектігін атап өтті, өйткені, болашақта бұл міндетті сома олар үшін үйді күрделі жөндеудің сметалық құнының 15%-ның құрайтын болады. Мұнсыз несие берілмейді. Бұдан басқа, ПИК әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерімен бірлесе отырып, тұрмысы төмен отбасылар үшін тұрғын үй көмегін рәсімдеуге төлеу қабілеттіліктеріне есептеу жүргізуі керек. С.Қазиев ендігі жерде тұрмысы төмен отбасылары үшін тұрғын үй жәрдемақысының екі түрі болатындығын еске сала кетті: коммуналдық шығындарды жабу және үйді күрделі жөндеуден өткізу. Ол үйді күрделі жөндеуге қажетті несие үшін қандай құжаттар керектігін мәлімдеді. Олар:
1.Кондоминиум нысандарын тіркеу. Үй міндетті түрде ПИК немесе үй басқармасының қарауында болуы тиіс. Иесіз қалған үйлер несие ала алмайды. Кондоминиумды тіркеу үшін техникалық құжатты рәсімдеу жергілікті бюджет есебінен төленеді. Жерге берілетін акт ақысын ПИК төлейді.
2. Кондоминиум нысандарының басқару органдары болуы керек.
3. Несиені пайдалана отырып, күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі тұрғындардың жалпы жиналысының шешімі болуы тиіс.
4. Энергоаудит қорытындысы. Энергоаудитті лицензиясы бар мамандандырылған мекеме жүргізетін болады. Бұл қызмет қымбат тұрады. Бір үйге 350 мың теңгеден бастап 1,2 млн. теңге кетуі мүмкін. Сондықтан да оған жергілікті бюджет есебінен төленетін болады. Аудит қорытындысы бойынша үйдің құрылымының жағдайы, яғни, ол үй жөндеуге жата ма немесе күрелуі керек пе, сол анықталатын болады.
5. Жобалау-сметалық құжаттары (мемлекеттік сараптама және тұрғын үй инспекциясымен келісілген). Тұрғын үй инспекциясы қазір облыста құрылып жатыр. Инспекцияның құзырына тұрғындардың мүдделерін қорғау және үйлерді жөнделгеннен кейін пайдалануға қабылдау міндеттері кіреді.
6. Жобаның бизнес-жоспары. Тұрғындар үйге қандай жөндеу жүргізу керектігін, мәселен, қасбетін, шатырын, подъезін немесе есік ауыстыру ма, оны өздері анықтайтын болады.
7. Тұрғын үй көмегін алғандығын растау.
8. Банктік есепшот ашқандығын растау. ПИК тіркелгеннен кейін және тұрғындардың несие алуға келісімдерін алғаннан кейін есепшот ашуға болады. Олардың әрқайсысы әр үйге жеке болуы тиіс. Есепшотта несие қаржысы, тұрғындардың жинаған ақшасы және бюджеттен тұрмысы төмен отбасыларына бөлінген тұрғын үй көмегі қаржылары жинақталады. ПИК төрағасы ақшаны қолында ұстамайды, барлық ақша операциялары қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілетін болады. Несие алған ПИК байқауға қатысқан жөндеу компаниясын өзі таңдайтын болады. Байқауға бірнеше құрылыс компаниялары қатыса алады. С.Қазиев мысал келтіре кетті: егер жалпы алаңы 3,2 шаршы метр 60 пәтерлік үйді, бұл жағдайда ПИК 10 жыл мерзімге жылдық 5 пайыз есебімен 12 млн. теңге мөлшерінде несие алған болса, онда бір пәтердің ай сайынғы жарнасы 2167 теңгені құрайды екен.
С.Қазиевтің айтуынша, Қазақстанда алғаш рет осындай сызба бойынша күрделі жөндеу жүргізілетін үй Қарағанды қаласы Мұстафин көшесі, 26 үйде орналасқан. Бұл 1957 жылы салынған 3 қабатты, 25 пәтерлік үй. Тексеру қорытындысына сәйкес, оның физикалық тозуы 40% құрайды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында жөндеушілер жұмысқа кіріспекші және оны керемет етіп шығаруға уәде беріп отыр. Фотосуреттеріне қарағанда, сылағы түсіп қалған ескі үйді сырты таспен қапталған, жаңа шатыры және қосалқы құрылыстары бар әлдебір сарайға айналдырмақшы.
Бұл жобаның өзі 26 млн. теңгеге бағаланып отыр. Оның 4 млн. теңгесін сол үйдің жанында орналасқан дүкен иесі мен үй тұрғындары төлемек. Қалған 22 млн. теңгенің 12 млн. теңгесін жергілікті бюджет төлейтін болады. 25 пәтердің 18 тұрғынына тұрғын үй көмегі тиесілі. С.Қазиев біздің қаламызда да бұл сызба осылайша жұмыс істейтіндігін атап өтті. Біздегі ескі үйлерде де негізінен аз қамтылған отбасылар тұрады.
Қарағандыдағы бұл үйдің тұрғындары өздеріне қазіргі заманғы шатыр, жылылықты сақтайтын қабырғаларға, шойын кәріздердің орынына полимерлі-құмдауытты қақпақтарға тапсырыс берген. Бұдан басқа, олар өздеріне жылу есептегіш орнатуды сұраған, осылайша олар шамамен жылу ақысын орташа алғанда 21 пайызға үнемдеуді көздеп отыр. Үнемделген қаржыны олар несиені жабуға жұмсамақшы.
Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және термомодернизациялау бағдарламасы аясында Атырау қаласында алғашқы 19 тұрғын үйге, 9 мектеп пен балабақшаға энергоаудит жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтаудан мамандар келетін болады. Жиналыс соңында С.Қазиев ПИК төрағаларына пилотты жобаға қатысу ұсынысын жасады. Бәлкім, сенің ПИК-ің сенен сұрамастан 10 жылға арналған несие қағаздарына қол қоя салған болар, соны біліп ал?!
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ