Атырау, 24 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды

4 029 просмотра

«Біздің «Өмір гүлі» ұжымында музыканттар да, әншілер де, бишілер де бар. Жаңадан жұмыс жасай бастағанымызда 15 адам болды, ал бір жылдан соң 40 адам болдық. Мектептерге, колледждерге, Жасөспірімдер үйіне, «Ақбота» балалар үйіне және т.б. жерлерге үнемі өнерімізді көрсетеміз. Екі айда бір рет қалалық мәдениет үйлеріне міндетті түрде концерт беріп тұрамыз», - дейді мүгедектер ансамблінің жетекшісі Таня ЖАКУПОВА өз жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелеп. Мұның бәрін олар қай уақытта үлгереді екен деп таң қаламын. Мүгедектер туралы сөз қозғалса, көз алдыңа мүмкіндіктері шектеулі ғаріп жандар елестей кетеді ғой. Алайда Таня ондай жандардың қатарынан емес.

«Мен әрі балаларға үстел теннисін ойнауға үйретемін», - деп сөзін жалғастырды ол. Бұдан кейін оны «мүмкіндігі шектеулі жан» деп қалай атарсың? Оның мүмкіндігі физикалық күшінің асып бара жатқандығында емес, өзіне деген ішкі дүниесінің сенімі, онсыз тіпті дені сау адам да ештеңе жасай алмас еді. «Даму-Көмек» қорынан көмек ұсыну кезінде Таня өз ұжымының музыканты Бақтыгүл ҒИНАЯТОВАНЫ (суретте) қолдауға келді. Біз «Даму-Көмек» деп аталатын арнайы бағдарлама туралы әңгімелеген едік. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға жағдай жасауға бағытталған. Табыс табу мақсатында Бақтыгүл домбырада ойнау үшін жеке сабақтар беруді жоспарлап, қордан оған аспап сыйлауын өтінген. Алайда ол ойлағаннан да жақсы нәрсе болды: кешікпей «Жастар» мәдениет үйінде мүгедек балаларға арналған үйірме ашылмақ. Бақтыгүл сол жерде сабақ оқытып, ал қалалық жұмыспен қамту бөлімі оған еңбекақы төлейтін болады. «Өмір гүлі» ұжымының өзі де Балықшыға көшіп келмек. Құрылған күннен бастап олар Таняның үйінде дайындық жасайтын, енді толық құрам үйдің ішіне сыймайтын болды.

Бақтыгүлден басқа қордан тағы алты мүгедек көмек алды.

Индер ауданынан балалар үйінің тәрбиеленушісі, ІІ топ мүгедегіРоллан ҚАРИНГЕ өз ісін ашуға фотопринтер көмектеседі екен. Өткен жылы Исатай ауданының ІІ топ мүгедегі Гулім БАЙЗАҚОВА қордан жұмысына қажетті тігін машинасын алған еді. Ал биылғы жылы еңбек қаруын – кәсіби құрал-саймандар мен шаштаразға арналған жиһазды оның жұбайы Батырбек САҒЫНҒАЛИЕВҚА табыстаған. Батырбек те ІІІ топтың мүгедегі, ол ести де, сөйлей де алмайды. «Таныстары мен достарының көпшілігі оған шаштарын қиғызады. Егер Батырбекті шаштараз ісіне оқытып, өз салонын ашуына мүмкіндік берсек, бұл оған аяғынан тік тұруы үшін жақсы болар еді», - деп әңгімелейді Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Надежда ҚҰРМАНҒАЛИЕВА. ІІ топ мүгедегі Бақтыгүл ДӘУЛЕТБАЕВА да шаштараз жиһазы мен кәсіби құрал-саймандарын алды.   Мүтәш ҚАЙРЕДЕНОВКЕ оның өзі тапсырыс бергендей, көпфункциялы көшірме аппаратын тапсырып, жергілікті клубтан жеке бөлме бөлді. Ғимаратты жалдау төлемақысын алмауға билік уәде беріп отыр. Исатайлық шебер, ІІІ топ мүгедегі Марат СӘРСЕНҒАЛИЕВ ағаш шебері ретінде танымал. Ол жиһазды да, мәселен, шахмат секілді әсем заттарды да жасай алады. Жаңа электрлі сүргімен және электрлі файзермен жұмыс істеген қолайлырақ. Енді оған тапсырыстарды орындау жеңілге түседі.

Рысханым БИСЕНҒАЛИЕВАөз ісін ашуды және ешкімге кіріптар болмауды армандайды. Жұмыспен қамту бөлімі оның тігін ісі бойынша оқу ақысын төлейді, ал «Даму-Көмек» қоры оған тігін машинасын сыйға тартты. «Қол өнері біздің әйелдерге материалдық тұрғыда көмектесіп отыр. Аққыстауда Гүлзабира ҚАРАҚҰЛОВАНЫ көпшілігі біледі. Ол оралман, ІІ топ мүгедегі, шебер тігінші. Ол өзінің машинасы болмаған кезде, машинасы бар адамдарға баруға мәжбүр болып жүрген еді. Қор оған тігін машинасын сыйға берген еді. Енді Гүлзабираның өз клиенттері бар, ол қалыңдықтарға арналған төсек-жаймаларды, ұлттық көйлектерді тігуге тапсырыс алады. Оның жұмысын Исатай ауданының күндерін өткізу кезінде көрмеге алып келген едік», - дейді Н.Құрманғалиева.

«Даму-Көмек» бағдарламасы өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпкерлікті дамытуда көмек көрсету үшін қордың өз қаржылары жоқ, олар демеушілерді тартады, - деп әңгімелейді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АФ директорының орынбасары Ақан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ. - Өткен жылы демеушілердің қолдауымен тоғыз мүгедекке көмектесе алдық. Бүгінде мүгедектерге арналған қажетті аппараттарды «Денге энерджей» компаниясы ұсынды».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.