Атырау, 25 желтоқсан 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Президентті қолдаушы топ елді аралады

3 164 просмотра

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің бір жарым мың студенті үшін өткен сейсенбі күтпеген күн болды. Оның бәрі президенттің арқасы еді.

Ол күні тек олар ғана емес басқа да колледждер мен университеттердің студенттері де демалды. Өйткені жергілікті билік ұйымдастырған ірі, республикалық- «Біз елбасымен біргеміз!» деген атаумен өткен форум 4000-нан аса оқытушылар мен дәрігерлер, мұғалімдер, ұлттық компаниялар мен олардың мердігер компанияларының мұнайшылары және басқа мемлекетке қатысы бар мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің басын қосты. 

- Бізден тек оқытушылар құрамы ғана емес, лаборанттар да, барлығы 100-дей адам барды,-дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Заухина САТҚАЕВА. – Тек аяғы ауыр келіншектер мен хатшы және вахтерлер қалды.

Оқу жоспары не болмақ? Бір күнде бір жарым мың студентті сабақтан босата салатындай оның соншалықты маңызды болғаны ма... Менің білуімше, мұғалімдер оларға жексенбі  күні-ақ, қоңырау шалып қойғанға ұқсайды.

– Ал, біз бағадарламаны қуып жетеміз, бұл күнді каникул күндерінің біріне ауыстырамыз,-деді директордың орынбасары.-Оның үстіне біздің көптеген студенттеріміз қазір тәжірибеден өтуде.

Форум қалай өтті?

– Иә, елбасын барлығымыз қолдаймыз, барлығымыз оған дауыс береміз... Мәжіліс депутаттары, «Нұр-Отан» партиясының төрағасының өзі бар. Олардың барлығы шығып сөйледі, жергілікті қадірлі деген азаматтар, жастар да қалыспады. Артынан концерт болды. Роза Рымбаева, Әлібек Дінішов біздің филормонияның әртістері өнерлерін көрсетті. Қысқасы, бағдарлама жан-жақты болды. Сол күні Астанадан келген жоғары шенді қонақтарға оңай болған жоқ, кейін үгіт компаниясы Құрманғазы мәдениет үйіне, АМӨЗ-на барды және «Ренессанс» қонақ үйінде ардагерлер және ақсақалдармен кездесті. Айтушылардың сөзіне қарағанда, ардагерлер көздеріне жас алғанша толқыған. Бұл капиталистік қонақүйдегі мүліктер біздің қарапайым депутаттарымыз бен партия қызметкерлері үшін күнделікті жайт, ал ақсақалдарға бұл үлкен құрмет еді. Сайлау алды болғанымен де жақсы сөздермен жандарын қуанышқа бөледі.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 наурыз 2011, 21:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.