Мақат аудандық прокуратурасының араласуымен түрлі кәсіпорындардың 488 жұмысшысына 40 миллионнан астам еңбекақылары төленді.
Мақат ауданының прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВТЫҢ айтуынша, «Аджиптің» бас мердігерлерінің бірі «Bateman Kazakhstan Oil and Gaz Company B V.» компаниясының 128 жұмысшысына биылғы жылдың қаңтар айының жалақысын төлемеген. Бұл 28 миллион теңгеден астам сома құраған. Бұдан басқа, прокуратураға ұжымдық өтінішпен «Жақсылық ЛТД» ЖШС қызметкерлері шағымданған. Қадағалаушы орган тексеру жүргізіп, тексеру барысында бейтараптандырушы 45 жұмысшыға желтоқсан айының 2 миллион теңгеден астам жалақысы төленбеген. Осы секілді заң бұзушылық «Мейір» ЖШС-де анықталған.
Барлығы аудандық прокуратура 488 жұмысшы үшін 40 миллион теңгеден астам еңбекақыларын төлетуге қол жеткізген. Облыстық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілік деңгейлерін анықтау үшін ұйғарым енгізілді.
Лев ГУЗИКОВ