10 наурызда Атыраудағы Әділет департаментіндеашық есік күні өткізілді. Кеңес алуға жүгінген адамдарды, әсіресе, авторлық құқықты қорғау және тауарлық белгіні тіркеу мәселелері қызықтырды.
Сөйтсек, Атырауда негізінен өздері шығарған әндеріне авторлық құқықтарын тіркеуді ниет еткен шығармашыл жастар көп боп шықты. "Авторлық және аралас құқықтар туралы" заң бойынша, өз шығармасын тіркеу кезінде өтініш жазу керек, оған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, 3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек, ән мәтіні мен ноталық партитура жалғанады. Өтініш Астанадағы сараптама комиссиясында қарастырылады. Тіркеу мерзімі - 30 күн", - дейді Атырау облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім бастығы Мәди МҰХСАНОВ.
Тауарлық белгіні тіркеу міндетті емес, алайда ресми рәсімделген құқықтың болмауы жолы болғыш өндірушіге оңды боп кетуі мүмкін. Елестетіп көріңізші, сіз өзіңіздің ісіңізді аштыңыз, ол гүлденіп, жақсы кіріс әкелді делік. Клиенттер сіздің маркаңыздағы тауарды алғанды жөн көреді. Кенеттен сіздің маркаңызбен сапасыз заттарды сата бастайтын жалған атты иеленген біреу пайда болады. Егер өндіруші тауарлық белгіні тіркемесе, оған өз құқығын дәлелдеу қиын болады. Тауарлық белгіні тіркеу үшін өтініш жазып, мемлекеттік баж салығын төлеп, құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсыну қажет. Астанадағы сараптама комиссиясы осындай істерді жыл бойына қарастырады. Тауарлық белгіні тіркеудің жарамдылық мерзімі - 10 жыл.
Зульфия ИСКАЛИЕВА