Атырау, 13 қараша 09:53
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Қайта «қолды» болған куәлік

3 642 просмотра

Көлік апаттары толассыз... Ол аздай инспекторлар алған куәліктер иесімен "қайта қауышуда".

 

Облыстық прокуратураның қызметкерлері Жол полициясы басқармасымен бірлесе отырып, бұрын жүргізушілік куәліктерінен айырылған, бірақ, соған қарамастан қала бойынша көлік жүргізіп жүрген төрт жүргізушіні ұстап, анықтаған.

Облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры  Мақсат ЕРМЕКОВТІҢ айтуынша, бұл азаматтардың жүргізушілік құжаттары соттың қаулысына сәйкесті, жүргізушілік құқығынан айыру мерзімі біткенге дейін жол полициясының тіркеу бөлімінде сақталуы тиісті. Алайда, құжаттар түсініксіз жағдайда өз иелерінің қолында жүр. Мәселен, осы жүргізушілердің бірі 2009 жылы қаңтарда мас күйінде көлік жүргізгендігі үшін жүргізушілік құқығынан айырылған екен. Оның сөзіне қарағанда, ол өзінің танысы арқылы пара беріп алғандығын айтады. Оның танысы кім және ол құжаттарды қайдан (соттан немесе ЖПБ-нан) «алып» шықты, оны енді қаржы полициясы анықтайтын болады. Басқалары да тексерілетін болады.

Бет қатталып жатқанда, ІІД баспасөз қызметі: қаржы полициясының жол полициясы басқармасына жүргізіп жатқан тексеруі барысында жүргізуші куәлігінің соттан ЖПБ-на жетпегендігінің анықталғандығын хабарлады. Демек, бұл жерде автоинспектордың кінәсі жоқ.

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2011, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.