Атырау, 24 қараша 08:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанбайлықтар полицейлерді жағадан алды

3 718 просмотра

Теңіз жағалауындағы Жанбай поселкесінде (Исатай ауданы) құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындары арасында текетірес орын алды.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен аптаның ішінде балық қорғау инспекциясының қызметерлері мен Исатай ауданы ІІБ бірлескен рейд жүргізді. Рейд кезінде олар теңіз үстінен нөмірі жоқ төрт «Урал» мотоциклін балық және ау құралдарымен ұстаған. Сол маңдағы ойықтан браконьерлік балық аулаған деген күдікпен екі адамды да қолға түсірген.

«Жедел топ мотоциклдерді айғақты заттарымен бірге Исатай аудандық сотына жеткізуді жоспарлағанымен ұсталғандар аудандық ІІБ кетіп бара жатқан кездегі басқа бір топтың  араласуын пайдаланып, полиция қызметкерлеріне бағынбай белгісіз бағытта тығылып қалған,-делінеді ресми баспасөз релизінде. –Күдіктілердің жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қызметкерлері және басқа да адамдардың арасында зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне бағынбағандары үшін қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе қаралуда».

Ресми емес ақпарат көздері хабарлағандай, араласушы топ, яғни, поселке тұрғындарынан жиналған қалың тобырдан жедел топ өздерін әзер дегенде алып шыққан. Тіпті, полицейлердің бірі жанбайлықтардың тұтқынына түсе жаздаған.

Лев ГУЗИКОВ

3 наурыз 2011, 00:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.