Атырау, 24 қараша 08:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа емханалардың жаңа келбеті

3 551 просмотра

Жаңа жыл қарсаңында салтанатты түрде Алмагүл мөлтек ауданында ересектер мен балаларға арналған бірден екі емхана ашылды. Ересектерге арналған емхана биылғы жылы толық жұмыс жасамайды, ал, балалар емханасына тіркелген пациенттер саны тиісті нормативтен де асып кетті.

Барлық қалалық емханалар халықты өздеріне бекіту жұмыстарын өткен айда аяқтап тастады, жаңалары 15 наурызға дейін тіркеу мерзімін ұзартып алды. «Емханалардың қуаттылығы бізге 50 мың адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, алайда, дәл қазіргі мезетте бізге 9 200 адам тіркелді. Біз өз пациенттеріміздің санағын учаскелерде жүргіземіз, сонымен бірге фельдшерлеріміз бізде тіркелуге ниет білдіргендерді де жазып алады. Кейбір адамдарға емдеу мекемелеріне баруға және тіркелу қағаздарын толтыруға  уақыттары болмайды ғой. 15-ші наурызға дейін шамамен 25 мыңдай пациенттерді тіркеуді жоспарлап отырмыз және сонымен халықты тіркеу үдерісін аяқтамақпыз»,-дейді №7 емхананың бас дәрігері Ғазиз ЕСҚАЛИ. Емхананың қызмет көрсететін ауданы үлкен- Грибоедов көшесінен Жайық өзеніне дейін, Теміржолшылар көшесі, Депо, Елшібек, ет комбинаты, Алмагүл мөлтек аудандары кіреді. Тек Алмагүл-1 және Алмагүл-2 мөлтек аудандарының өзінде-ақ олардың жобалау қуаттылығына  сәйкесті 100 мың адам тұруы мүмкін.   Емхана штатындаәзірге тек 4 терапевт-дәрігер, норма бойынша бір маман 2 200 пациентке қызмет көрсетуге тиісті. Емдеу мекемесінде салалық мамандардың жетіспеушілігі жоқ, алайда, толық емдеу шараларын тек бір айдан кейін ғана көрсете алады. Жаңа емхананың  басқа алғашқы-емханалық топты емдеу мекемелерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Оларда типтік күндізгі стационар және жаңа құрал-жабдықпен жарақтанған оңтайландыру орталығы бар. Емхананың  жобалау және құрылысы барысында жаңа технологияларды қолдану қарастырылған. Дәрігерлердің құзырында қазіргі заманғы 28 параметр бойынша сараптама жүргізуге мүмкіндік беретін гематологиялық анализатор, биохимиялық анализатор бар. Бұл анализатор  17 параметр бойынша сараптаманы анықтай алады. Сондай-ақ, глюкоза, холестерин және триглицерин деңгейін жедел-әдіспен анықтайтын аппарат та бар. Алайда, жаңа құрал-жабдықтарды іске қосу және ол аппараттарда жұмыс істей білетін мамандарды оқыту керек. «Жобаның тапсырысшысы денсаулық сақтау министрлігі болып табылады, мердігері астаналық «Найза құрылыс» компаниясы. Олар бұған дейін де жеткізіп берумен айналысып келген. Бұдан басқа, компания біздің мамандарымызды осы жабдықтарда жұмыс істеуге оқытуды қолдарына алады. Кейін оларға сертификаттар беретін болады. Біздің есебіміз бойынша, бұл шамамен бір айдай уақытты алмақ»,-дейді Ғазиз Есқали.      

КҮНІНЕ 500 БАЛА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Балалар емханасы да ересектер емханасы қызмет көрсететін ауданды қамтиды. Бұл емханаға қосымша бұрын «Светлана» маңындағы емханаға қаралып жүрген Орталық мөлтек ауданның кішкене пациенттері де қаралатын болады. «Бізде 12 участок. Осы аудандарда тұратын балалар бізге аумақтық белгілері бойынша тізімге кірсе, біз басқа да аудандардан ниет білдіргендерден бас тарта алмаймыз»,-дейді емхананың бас дәрігерінің орынбасары РАИСА БАЙМҰХАНОВА. Өз балаларын дәл осы «Алмагүлге» емдетуге және кеңес алуға ниет білдіретін ата-аналарды түсіну қиын емес, өйткені, бұл қазіргі заманғы стандарттарға сәйкесті қаладағы бірден бір типтік  балалар емханасы. Олар тек осы жерден ғана барлық мамандардың: лор, невропотолог, хирург, эндокринолог және басқа да маман-дәрігерлердің көмегін ала алады. Норматив бойынша әрбір учаскелік педиатрға 900 кішкентай пациенттен келеді. Салалық мамандар тіркелген пациенттерден басқа қаланың барлық балаларын қабылдайды. Олардың саны шамамен 65 мың балақай. Бұрын балабақшаның тар дәліздерімен салыстырғанда жаңа емхананың кең дәліздері арнайы түрде балалар мен олардың ата-аналарына есептеліп салынған. Орташа алғанда күніне 500-дей адамды қабылдауға мүмкіндік береді. 12 төсекке арналған күндізгі стационар, ЛФК және массаж жасалатын қалыпқа келтіру емдері жүргізілетін бөлімше, қажетті жиынтықтары мен жуынатын бөлмелері бар тренажерлық және гимнастикалық залдар бар.  Үш  массаж жасаушы маман, 2 нұсқаушы, өз кардиологтары, нефролог және невротологтары бар. «Штатты жинақтау үшін әзірше бір отоларингологты таба алмай отырмыз. Біздегі зертханалар жаңаша құрал-жабдықтармен жарақтанған, алайда, бізде де  №7 емханадағыдай жағдай орын алып отыр. Біздерде  жабдықтарды іске қосушы да мамандарды оқытатын да бір ғана мердігер. Бұған қарамастан балаларды қабылдау жедел қарқын алуда»,-дейді Раиса Баймұханова.

Көптеген ата-аналар педиатрлардың өз аумақтық округтерінен тыс тіркелген пациенттер шақыртуларына қызмет көрсетіндіктеріне алаңдаулы. «Бір жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде қызмет көрсетіледі,-деп сендірді бізді Р.Баймұханова. Бір жастан жоғары балаларға қатысты айтар болсақ,  ата-аналар  тіркелу бетшесін толтыру кезінде дәрігерлермен жеке келісімге келулері тиісті. Балалар емханасына электорнды тіркелу процесі аяқталуда, тіркелуге ниет білдірушілер  46-73-88 немесе 46-45-35 телефондары арқылы толық ақпарат  ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 наурыз 2011, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.