Атырау, 27 желтоқсан 07:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Екі қабатты үй өртке оранды

4 264 просмотра

Мақат ауданында тозығы жетіп, апатты жағдайға жеткен үйлер жоқ емес, бар. Ал қабырғасы 1953 қаланған 8 пәтерлік екі қабатты үй бір тәулік бойы өртеніп жатты.

Бұл оқыс оқиға 22 ақпан күні орын алған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз болып тұрғанымен сол күні түстен кейін шыққан өрт бірнеше сағат бойы үйдің ішінде орын алған. Пәтерде ешкім болмағандықтан жалын үдеп екіқабатты үйді жайлай бастағанда барып тұрғындар дабыл қаққан болатын. Тек кешкі 18.30 шамасында өрт сөндіру қызметіне дабыл түскен. Өрттен 34 адамның жапа шеккендігі белгілі болды.

‑ Өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жұмысы жүруде. Ойымызша жылыту пешінен кетті ме деген күдік бар, оның бәрі сараптама қорытындысы бойынша анықталады. Аудандағы өрт сөндіру қызметі және «Доссормұнайгаздан» келген көліктер жұмылдырылуда. Бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ, дер кезінде жапа шеккендер құтқарылды. Күні бүгінде олар таныстарына, көршілеріне орналасырылуда. Шығын көлемі де жұмыс барысында анықталатын болады. Негізі сегіз үйліктің төрт пәтерін аман сақтап қалдық, бірақ онда ада адам тұруға болады деп айтуға болмайды,‑дейді аудандық ТЖ бастығы Қанат КЕНЕСАРИЕВ.

Өрттен жапа шеккендер материалдық шығынға ұшыраған, тіпті құжаттары соламайымен жанып кеткендері бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Суретті түсірген автор

3 наурыз 2011, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.