Атырау, 24 қараша 08:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қалғаны «бөлшектеліп» шығарылмақ

2 976 просмотра

№20 мектептің жанынан 12 көлікжай алынып тасталды, қалғандары бөлшектеліп алынбақ

 

Наурыз айында қалалық сәулет бөлімінің рұқсатынсыз орнатылған металл көлікжайларға қатысты проблема шешімін таппақ. Бұл туралы сенбі күні қалалық әкімдіктегі брифингте хабарлады.

Қаланың бас сәулетшісі Бақтыбай Дүзелбаевты облыстық басқармаға шақырды. Журналистердің сұрақтарына қалалық әкімдіктің жауапты маманы Қуандық ҚАТАПОВ жауап берді. Сәулетшілердің өз пәтерлерінің алдына заңсыз көлікжай орнатқан көлік әуесқойларымен күресі өткен жылдың тамызында басталған болатын. Қалалық әкімдікке аулаларға спорттық алаңқайлар салу үшін шұғыл арада жер қажет болды.

Бастапқыда бірнеше ескертулер жасалды. Содан кейін күзде Арнаулы автобазаға аулалардан 997 көлікжай, ал Жаңа жылда тағы 286 көлікжай шығарылды. 10-шы ақпанда үшінші кезең басталды. Қала әкіміне наурыз айының ортасына дейін Мұнайшы, Привокзальный, Жилгородок, Азаттық даңғылы мен АМӨЗ маңдарындағы тұрғын үйлерді металл құрылымдардан тазартуға нұсқау берілді.

Бұл жолы тиімді жұмыс жасау үшін жауапкершілік қалалық әкімдіктің үш бөліміне – сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне бөлінді. Қ.Қатаповтың айтуынша, төселген газ және жылу тұрбаларынан арнайы техника өте алмағандықтан металл көлікжайлар балқытылып кесіліп, бөлшектеліп алынып тасталатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

2 наурыз 2011, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.