Атырау, 24 қараша 08:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қарақшылықпен» күрес жалғасуда

3 091 просмотра

Тимур Бекмамбетов тағы да ҚР Бас прокуратурасына өзінің авторлық құқығын қорғау туралы арыз берген. Бұл жолы қарақшылар оның жаңа «Выкрутасы» фильміне көз тігіпті.

Бас прокуратура әділет министрлігіне хат жолдады. Ал ол өз кезегінде, «Выкрутасы» фильмі жазылған контрафактілік дискілерді таратуды құрықтауға нұсқау берді. Атырау облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім бастығы Мәди МҰХСАНОВТЫҢ айтуынша, әділет органдары ішкі істер қызметкерлерімен бірігіп, қаладағы дүкендер мен базарларға тексеру жүргізуде. Жыл басында танымал режиссер ҚР бас прокуратурасына арыз берген еді. Ол кезде әңгіме «Елки» фильмі жазылған қарақшылық дискілер туралы болатын. «Елки» фильмі бойынша Атырауда «Мұрагер» мен «Дина» базарларында 4 құқық бұзушылық анықталды. Үш жағдайда әкімшілік істер қозғалды, төртіншісінде сөре қожайыны бүкіл тауарын тастап, қашып кеткенді жөн көріпті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 наурыз 2011, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.