Атырау, 27 желтоқсан 03:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырауда екі дағдарыс орталығы ашылады

4 774 просмотра

Қаңтарда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру туралы заң күшіне енді. Соған сәйкес абақтыдан ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған 1,5 мың адам босатылатын болады. Таяуда облыстық әкімдікте бостандыққа шыққаннан кейін бұрынғы сотталушылардың қайда баратындығы туралы мәселені шешті.

Облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бостандыққа шыққаннан кейін өмірден өз орнын таба алмағандар қайтадан қылмыс жасайды екен. 2009 жылы бұрын сотталғандар 90, ал өткен жылы 97 қылмыс жасаған. Сондықтан таяу арада Атырауда бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу үшін дағдарыс орталықтары ашылатын болады. Ол Аманшин көшесі, 74 үйдегі мекен-жайдың цокольды қабатында орналаспақ. Алайда алаңы 400 шаршы метрдей болатын ғимаратты әуелі жөндеп алу керек. Сол жерге жөндеуден кейін қызметкерлер саны көбейтілген қылмыстық инспекция  көшірілмек.

Владимирская көшесі 23 б үйдегі бұрынғы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына ІІД көші-қон полициясының, ЖПБ тіркеу қызметінің (автокөлікті мемлекеттік тіркеу қызметтері) органдарын, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе саудагерлердің қолына «тірі тауар» боп түскен тұлғаларға арналған дағдарыс орталығын орналастыруға шешім қабылдады. Осыған дейін мұнай астанасында торыққан жандарға арналған дағдарыс орталықтары болмаған еді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 наурыз 2011, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.