Бірінші жартыжылдықтың аяғында балабақшаларға жалғанған соңғы бес жалғаманы тапсыру жоспарланып отыр.
Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙДЫҢ айтуынша, қазіргі кезде Авангардтағы №1 АДГ балабақшасының, №55 (Привокзальный), № 61 (Привокзальный), №10 (Жұмыскер) және №3 (Сарықамыс) балабақшалардың жалғамаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – жергілікті «Снапойл» компаниясы. «№61 балабақшадағыдан басқа барлық жалғамаларды маусым-шілде айларында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Привокзальныйдағы жалғаманы кейіндеу тапсырамыз. Барлығы 12 балабақшаны 120 орындық жалғамалармен кеңейту жоспарланды. Олардың жетеуіндегі жұмыстар өткен жылдың аяғында аяқталды. Соңғы бес жалғаманың әрбіреуіне бюджеттің 153 млн. теңгесі жұмсалады. Нәтижесінде 600 қосымша орын болатын 765 млн. теңгеге шығады».
Сәуле ТАСБОЛАТОВА