Атырау, 11 желтоқсан 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мұралық істерге арналған бірыңғай база құрылды

3 445 просмотра

Атырау облысының нотариалдық палатасы бір кездері облыста ашылған барлық мұралық істердің бірыңғай базасы құрылғандығы туралы мәлімдеді. Мұралық іс алғаш 1949 жылы ашылған.

Бұрын мұралық істі ашқысы келгендерге өзінің ауқаттылығын құжатпен дәлелдеуге тура келетін. Оған басқа нотариустар да белгі соғуы тиіс еді. Егер нотариалдық палатаның мәліметтері бойынша, бүгінде олар қалада 56:37 және облыста 19 екенін ескерсек, бұл оңай шаруа емес.

- Бұл біршама наразылықтар туғызды, - дейді Атырау облыстық аумақтық нотариалдық палатасының төрайымы Гүлнар МАСАТОВА. -  Оның үстіне өзіндік база бар: нотариустар өздерінде бар ақпаратпен өзара алмасқан, алайда ақпарат ретсіз, толық болмады. Соның ішінде, нотариус лицензиясынан айырылып қалған немесе өзінен өкілеттікті алып тастаған жағдайлар орын алады, бірақ тиісінше, олардағы ашылған мұралық істер туралы ақпарат ол қажет болатын адамдардың назарынан тыс қалуы мүмкін. Осы факторлардың барлығын ескеріп, Атырау аумақтық нотариалдық палатасының басқармасы Атырау нотариалдық округінің нотариустарын ашылған мұралық істер туралы, мұраны қабылдау өтінішін берген тұлғалар туралы, куәландырылған өсиетхат туралы (немесе оны жою туралы) барлық мәліметтерді «Uni notary» базасына енгізуге міндеттеді. Мұраға құқығы туралы куәлікті беру әр нотариустың құқығы емес, міндеті боп табылады. Бүкіл ақпарат мақсаты бойынша қолданылатын болады және мәліметтер тиесілі тұлғаларға жеке нотариустардың сұраныстары бойынша Атырау Нотариалдық палатасының мұрағатынан мұрағат директорының қолы мен мөртаңбасы қойылып беріледі. Берілген мәліметтер үшін жауапкершілік толықтай Атырау Нотариалдық палатасының мұрағатына жүктеледі (анықтама берген уақыттағы ақпарат көлемінде).

Бұл базаның алақол (көбінесе мұраға басқа да үміткерлердің бар екендігін жасыратын) мұрагерлерден және мұралық қалдыру саласында пайда болатын біраз алаяқтардан қорғайтындығына нотариалдық палата сенімді. Бұл жалған мұрагерлердің қатысуымен болатын сот тергеуінде кепілдік боп табылады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 наурыз 2011, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.