Атырау, 24 қараша 08:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хат бар, алынған шара жоқ

3 333 просмотра

Біздің газетіміздің редакциясына аязды күндері мектептегі сабақты тоқтату туралы жағдайға қатысты Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті қызметінен түсінік алу мүмкіндігі туды. «АЖ» газетінің №8,  24 ақпандағы санында жарық көрген «Астананың аязы Атырауға ауды» мақаласынан кейін бізге редакцияға Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі маманының міндетін атқарушы Әлібек ЖАНҒАЛИЕВТАН хат  келіп түсті. Онда аяз салдарынан мектептерді жауып, сабақты тоқтату  жөніндегі шешімді білім беру және денсаулық сақтау органдары жергілікті атқарушы органдар арқылы қабылдайтындығы айтылған. Төтенше жағдайларды ескерту мақсатында жергілікті атқару органдары білім беру және денсаулық сақтау органдарының ұйғарымы негізінде мектептерді және басқа да нысандарды жабу туралы шешім қабылдайды.

«Мұндай жағдайларда ТЖД-нің міндеттері дауылды құбылыстар туралы ескертулерді жариялау болып табылады:

- дауылды жел, қатты боран, нормадан жоғары қалың қар, қатты аяз, бұршақты жаңбыр, топырақты дауыл, теңіз деңгейінің көтерілу қаупі (жел әсерінен көтерілген толқындар), көктемгі су тасқыны, температуралық режимнің көтерілуі (жазғы өрт қауіптілігі бар кезең), эпидемия, эпизоотия, эпифитотия және тиісті қызмет мониторингінің ресми мәліметтеріне сәйкесті басқалары енеді. Атырау облысы ТЖ департаменті 2011 жылдың 19.02. және 24.02. аралығында 38 тиісті қызмет орындарына мүмкін болатын төтенше жағдайларды ескерту бойынша шаралар қабылдау үшін үш дауылды ескерту берген».

Редакциядан: Хатты алғаннан кейін біз тағы да білім беру басқармасына хабарластық. Тек қайта-қайта хабарласқанымыздың арқасында болар, мамандар кенет (!) 2006 жылғы 27 қыркүйектегі білім беру және ғылым министрлігінен келген №509-шы хаттың бар екендігін естеріне түсірді. Орта білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас инспекторы Зина ІЗТІЛЕУОВАНЫҢ айтуынша, хатта -25 градус және жел жылдамдығы секундына 2 метрден асатын болса кіші топтардағы (1-4 сыныптар) сабақ, ал, -27 және жел жылдамдығы  2 м/с болса, онда 1-9 сыныптардағы, -30 градус және жел жылдамдығы 2 м/с болған жағдайда 1-11 сыныптардағы, сондай-ақ лицейлер мен колледждердің 1-курс студентерінің сабақтары тоқтатылады делінген.   

Хат қалалық білім бөліміне өткен аптада, яғни, 24 ақпанда болған МАБ сынағынан кейін жіберілген болып шықты. Бейсенбі күні телефонограмма барлық мектептерге жолданған. Сенбі күні кейбір оқу мекемелерінде кіші топтарда, мәселен №3-ші мектепте сабақ болған жоқ. Демек, білім беру органдарында мектептерде сабақты тоқтатуға министрліктен келген хат түрінде негіз бар, алайда, ол туралы ұмытылып қалады да, жергілікті атқарушы  органдар мен арнаулы қызмет мекемелерінен қандай ма бір нұсқаулар күтеді. Ал, бұдан балалар зардап шегуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 наурыз 2011, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.