Атырау, 26 желтоқсан 19:14
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Автокөліктен абай болыңыз!

3 115 просмотра

Автоинпекторлардың ыждағаттылықтарына қарамастан жолдағы жағдай әлі түзелетін емес.

ІІД ЖПБ-ның жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВТІҢ айтуынша,қаңтар айында 4 жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі тіркелген. Бір адам ажал құшып, қалғандары жарақат алды. 2 жол-көлік оқиғасы кәмелетке жасы толмағандардың қатысуымен орын алды. Балалар ауруханаға жеткізілді.

Мәселен, 29 қаңтар күні күндіз «Камаз» жүргізушісі №3 маршруттан түсіп, жолдың жүргінші бөлігіне жүгіріп шыққан қыз баланы қағып өтті. Ол ережеге сәйкесті маршрутканың артынан емес алдынан өткен, сол себепті «Камаз» жүргізушісі оны байқамай қалған. Бұдан басқа, «Газель» жүргізушісі таяу маңдағы автобус аялдамасына 150 км. қалғанда тиісті емес жерден тоқтаған. Соның нәтижесінде міне, жарақат алған қыз бала облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Жол полициясы басқармасы «Газель» көлігінің жүргізушісін маршруттан алуға қатысты материал дайындап жатыр.

Жолаушылар көлігі жүргізушілеріне қатысты шағымдардың жиі түсетіндігіне байланысты автобустар мен «Газельдерге» ІІД ЖПБ-ның мынадай: 30-10-21, 30-02-68 сенім телефондары жазылған таблолар ілінген.  

Лев ГУЗИКОВ

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.