Домодедоводағы лаңкестіктен кейін қазақстандық әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мәселен, енді ақтөбелік әуежайға әдеттегідей кіре алмайды, оның кірер ауызына рамалы детектор орнатылған. Бірақ мұндай өзгеріс Атырау халықаралық әуежайында байқалмайды.
Қауіпсіздік шаралары туралы сұрағымызға «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеру бөлімінің бастығы Дина БИСАЛИЕВА былай деп жауап берді:
- Терактіден кейін біз өкілетті органдардан қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде нұсқау алдық. ¤з жұмысымызды сіздерге егжей-тегжейлі ашып айтпаймыз. Әрине, күшейту шаралары жүріп жатыр, анағұрлым мұқият тексеру жүргізіліп, бүкіл шаралар бойынша қызметкерлерге қосымша нұсқаулар берілуде. Жалпы, біз бұрынғы режим бойынша жұмыс істей береміз. Жолаушылар Мәскеуден бұрынғыдай ұшып келе алады, ұшақтар кесте бойынша жұмыс істей береді. Жолаушылардың көңіл-күйлері қалыпты, ешқандай дүрбелең-үрей байқалмайды.
Кірер ауыздағы рамаға келер болсақ – олар орнатылуы тиіс деп қандай заңда жазылған? Жолаушылардың жүріс-тұрысын бақылайтын, бөгде нәрселерді қалдырып кетпеуін тексеретін біздің бейнекамераларымыз, бейнеоператорларымыз бар. Егер күдікті жайттар туындаса, жеке тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Егер раманы орнатса, тек жолаушыларды ғана емес, оларды шығарып салушыларды да тексеруге тура келеді. Ал бұл полицияның құзырына кіреді.
- Алайда сіздер әуежайдың ішінде адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап бересіздер ғой?
- Жоғарыда айтып өткенімдей, біздің бейнекамераларымыз бар, сондай-ақ басқа қауіпсіздік шаралары алынуда. ¤кілетті органдардың барлық нұсқауларын қатаң түрде орындаймыз.
Естеріңізге салайық, дүйсенбі күні, 24-ші қаңтарда Домодедоводағы теракт нәтижесінде 35 адам қаза болған еді. Бұл күні Атыраудан Мәскеуге рейстер болмаған. Мәскеуден алғашқы ұшақ келесі күні таңертең ұшып келген, сол кезде бізден де ұшақ ұшып шыққан болатын.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген В.Истомин