Атырау, 24 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кептерлерді қайтаруға уәде берілді

3 537 просмотра

Саяси қуғын-сүргін мемориалдық тақтасындағы кептердің жоғалуынан кейін жергілікті билік ақыры оған жауаптыны тапты.

Естеріңізде болса, бізбұл мәселені осыдан бір ай бұрын қозғаған болатынбыз.Бірақ оған жауаптыны іздестіру бізді тығырыққа тіреген еді. Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Бақыт ИМАНҒАЛИЕВ бізді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВҚА жіберді, ал, ол «Арнаулы автобаза» КМК-на жұмсады. Бұл кәсіпорынның директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВ өзінің қызметкерлерінің міндеті ескерткішті қорғау және  оның жоғалған элементтерін қайта қалпына келтіру емес екендігін, міндеттері тек  үнемі ескерткішті тазартып, айналасын сыпырып  тұру ғана екендігін түсіндірді. Мақала жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң қалалық Жеңіс саябағы өзінің танктері, ұшақтары және мемориалдық тақтасымен бірге Тұрғын үй коммуналдық шарауашылық басқармасына берілгендігі анықталды. Ондағыларға мемориалдың өздерінің қарауында екенін білгенімен, кептерлердің жоғалып кету фактісі жағымсыз тосын сый болды. Қысқасы, біз бірнеше күн бұрын қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ қолы қойылған ресми хат алдық. Онда композиция элементінің зұлымдықпен ұрланғандығы туралы айтылады. Хатта бізге барлық тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқындығы туралы және таяу күндерде Бейбітшілік және Еркіндік символының өзінің заңды орынын алатындығына ант бергендей сендіреді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В.Истомин

2 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.