Атырау, 24 қараша 11:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қартайып барамыз...

3 823 просмотра

Қазақстан халқына соңғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша олар «қартайып» жатқандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай БҰҰ-ның анықтамасына сәйкесті мемлекетті «қартаю» санатына жатқызудың бастапқы деңгейі бойынша-65 және одан жоғары жастағы халықтың 7 пайызы  болуы керек. Республикалық статистика жөніндегі комитет Агенттігінің төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар саны 7,1 пайызға жеткен.

Ал, Атырау облысында,-дейді Атырау облысы бойынша статистика департаментінің бастығы Адан СЕЙІТҚАЛИЕВ , - 65 және одан жоғары жаста шамамен 27 мың адам бар. Салыстыру үшін айта кетелік, көрші Ақтөбе облысында бұл цифр 45 мыңды құрайды.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жас ерекшеліктерін жіктеу бойынша 45 жасқа дейінгі тұлғалар жастар деп есептеледі, 59 жасқа дейінгілер-ересек, ал, 67-70 жасқа дейінгі адамдар егде адамдар санатына кіреді, ал, 89 жасқа дейін өмір сүргендер қарттар деп аталса, ол жастан асқандар ұзақ өмір сүрушілер болып есептеледі.

Салыстыра кетелік, Ресейде 65 жастағы және одан жоғары жастағы азаматтар үлесі 12 пайызды құрайды, ал, Еуропаның  дамыған елдерінде-14 пайыз.  

Анастасия ПАСТУХОВА

2 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.