Атырау, 24 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр Оқиға

«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр

1 қарашада Атырау ықшамауданында КамАЗ жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Бақылау камерасы оның тұрғын үйлер арасындағы жол бойымен жылдамдықпен келе жатқанын, электр бағанасын «құлатып» кеткенін, содан соң күрт бұрылып, үйлердің бірінің тас қоршауын бұзып өткенін жазып алған. Полиция департаменті жүк көлігі аулада тұрған көлікті де соққанын айтты. Бағына орай, зардап шеккендер жоқ, бірақ айтарлықтай материалдық шығын болған. Сурет Бейнежазба 2 қараша 2022, 16:50 1 674 рет қаралды
Құлсары трассасындағы ажалды апат Оқиға

Құлсары трассасындағы ажалды апат

21 қазанда сағат 19:15 шамасында Құлсары-Сарықамыс тас жолында «Нива» мен «Лада» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Ниваның» 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 13:59 3 249 рет қаралды
«Бомба» туралы хабарламадан кейін №2 мектептің бірінші ауысымын түгел эвакуациялауға тура келді Оқиға

«Бомба» туралы хабарламадан кейін №2 мектептің бірінші ауысымын түгел эвакуациялауға тура келді

Бүгін, 12 қазанда сағат 08:20 шамасында Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры полицияға бір жарым сағаттан кейін мектеп ғимаратында жарылыс құрылғысы іске қосылады деген аноним хабарлама алғанын хабарлады.   Толықтырылды Бейнежазба 12 қазан 2022, 11:03 1 916 рет қаралды
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Каспий жағалауында көлік ішінде қалып қойған екі адамды құтқарды Оқиға

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Каспий жағалауында көлік ішінде қалып қойған екі адамды құтқарды

3 қазанда ТЖД-не Исатай ауданының Аққыстау ауылынан шамамен 55 шақырым қашықтықта Жанбай ауылы тұсында Каспий теңізінің жағалауында екі адам мінген көлік толқын салдарынан теңіз жағасына батып қалғаны туралы шақырту түсті. Адамдар өздігінен шыға алмай қалған. 4 қазан 2022, 15:50 1 556 рет қаралды
Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған Оқиға

Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған

Жылыой ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға Мақат ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында белгісіз біреудің «DAF» маркалы ауыр жүк көлігінің ішіне кіріп, 20 445 000 теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін хабарлаған. 1 қазан 2022, 02:13 1 327 рет қаралды
Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды Оқиға

Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды

Әлеуметтік желіде қала іргесіндегі Томарлы ауылында 7 жасар балаға алабай тұқымды ит шабуыл жасап, бас терісінің бір бөлігін сыдырып, жарақаттағаны туралы ақпарат пайда болды. 16 қыркүйек 2022, 15:37 1 842 рет қаралды
Бықсыған қамысқа «ТРЭКОЛ» де өте алмайды Оқиға

Бықсыған қамысқа «ТРЭКОЛ» де өте алмайды

14 қыркүйекте кешкісін Кеңөзек ауылдық округінен 15 шақырым кашықтықта (Атырау маңы) шамамен 4 га болатын қамыс жанған. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақжайық» резерватының  қызметкерлері мен жұмылдырылды. 15 қыркүйек 2022, 17:05 1 388 рет қаралды
Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды Оқиға

Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. Жезөкшелікпен айналысатын 15 азаматша ұсталып, есепке қойылды. 10 қыркүйек 2022, 16:12 1 985 рет қаралды
Таң атпай егде жастағы әйелді қағып өлтірді Оқиға

Таң атпай егде жастағы әйелді қағып өлтірді

Бүгін, 2 қыркүйекте таңғы сағат жетіде 33 жастағы Nissan Primera жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, А.Шернияз көшесіндегі «Нұрбол» дүкенінің маңындағы жол бойында 64 жастағы әйелді қағып кеткен. 2 қыркүйек 2022, 12:13 1 816 рет қаралды
Атырауда ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалған Оқиға

Атырауда ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалған

31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Баймұханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.  31 тамыз 2022, 14:33 1 430 рет қаралды
Қамыс арасында адасып, көмек күтіп отыр Оқиға

Қамыс арасында адасып, көмек күтіп отыр

29 тамызға қараған түні полицияға 102 нөміріне ер адам хабарласып, Дамбы ауылдық округіне қарасты Пешной ауылының Каспий теңізінің жағалау аймағында қамыс арасында адасып кеткенін айтқан. Толықтырылды 29 тамыз 2022, 14:32 1 829 рет қаралды
Көшеде дәрет сындырудың қажеті жоқ: айналада камералар бар Оқиға

Көшеде дәрет сындырудың қажеті жоқ: айналада камералар бар

21 тамыз күні таңғы бес жарым шамасында Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз ер адам дәрет сындырып, әрі қарай "Ваз 2114" автокөлігіне мініп, кетіп қалады. Атырау ҚПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері сол адамға жақын маңдағы "Батыс" экипажын бағыттайды.  22 тамыз 2022, 15:24 1 312 рет қаралды
Жуынатын бөлмеден екі мәйіт табылды. Тергеу жүргізілуде Оқиға

Жуынатын бөлмеден екі мәйіт табылды. Тергеу жүргізілуде

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 25 шілде күні кешкісін Атырау тұрғыны полицияға Авангард-3 ықшамауданында тұратын 30 жастағы қызының пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерден екі адамның мәйітін тапты. 26 шілде 2022, 11:04 1 428 рет қаралды
Есірткіге толы «Тойота» Оқиға

Есірткіге толы «Тойота»

Атырау-Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Атырау облысы бойынша ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктен жалпы салмағы 17 келі болатын марихуана табылды. Сурет Бейнежазба 18 шілде 2022, 22:47 1 612 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

10 мамырда сағат 04:10 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз адам Бейбарыс даңғылында жасөспірім балалардың  төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама қалдырған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері хабарламаның жалған екендігін анықтады.  17 маусым 2022, 16:48 1 957 рет қаралды
Жол апатынан көліктің бірі жапырылып қалды, бағына қарай қаза болғандар жоқ Оқиға

Жол апатынан көліктің бірі жапырылып қалды, бағына қарай қаза болғандар жоқ

26 мамырда Қарабатанға апаратын тас жолда бір бағытта келе жатқан «Skoda Rapid» және «ВАЗ-2114» көліктері соқтығысқан. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы көрініс қорқынышты, бағанаға соғылған көліктердің бірі жапырылып қалған. Бір ғажабы, адамдар аман-сау. 27 мамыр 2022, 15:07 2 247 рет қаралды
Заң бұзушылықтар хроникасы Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы

«Қорғау - Қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны қолданысқа енгізген сәттен бастап, қала жолдарында құқық бұзушылық жасаған 200-ден астам автокөлікті анықтады.  23 мамыр 2022, 20:54 1 634 рет қаралды
​Есірткі жеткізу және өткізу арнасын жолға қойған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді Оқиға

​Есірткі жеткізу және өткізу арнасын жолға қойған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді

Атырау облысында марихуана жеткізумен және облыс аумағында өткізумен айналысқан тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді. 1 сәуір 2022, 10:40 1 744 рет қаралды
Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі әйелді пышақпен кескілеп тастаған Оқиға

Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі әйелді пышақпен кескілеп тастаған

Атырауда азаматтық некедегі күйеуі әйелге көптеген пышақ жарақатын салған. Ол бұрын да аралары үзілгеннен кейін әйелді қорлап, ұрып-соққан, бірақ бұл жолы оны өлтіргісі келіпті. Сурет 15 наурыз 2022, 12:20 3 129 рет қаралды
Атырауда әйелді азаптаушыдан қорғамаған төрт полицей сотталып жатыр Оқиға

Атырауда әйелді азаптаушыдан қорғамаған төрт полицей сотталып жатыр

№2 қалалық сотта қызметінде әрекет етпей, ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған төрт полицейге қатысты сот отырысы басталды. Айып орындығында учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкіл және қалалық полиция басқармасының тергеушісі отыр. 2 қараша 2021, 11:44 1 980 рет қаралды