Атырау, 5 желтоқсан 09:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған

1 317 рет қаралды

Жылыой ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға Мақат ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында белгісіз біреудің «DAF» маркалы ауыр жүк көлігінің ішіне кіріп, 20 445 000 теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін хабарлаған.

ПД хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары күдікті Geely GC 7 көлігін анықтайды. Дереу жеткен Мақат ауданының полиция кызметкерлері 23 жастағы күдіктіні ұстайды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшердегі ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Айнұр САПАРОВА

1 қазан 2022, 02:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.