Атырау, 8 мамыр 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Заң бұзушылықтар хроникасы

1 423 просмотра

«Қорғау - Қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны қолданысқа енгізген сәттен бастап, қала жолдарында құқық бұзушылық жасаған 200-ден астам автокөлікті анықтады.  

Сонымен қатар, сақтандыру құжатынсыз жүрген 164 көлік тіркелді (оның 100-ге жуығы шетелде тіркелген).

* * * * *

Полицейлер жыл басынан бері көлігіне ксенон, лэд жарық шамдарын орнатқан 300-ден астам жүргізушіні анықтады

Ксенон, лэд жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің  көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Мәселен, 16 мамырда сағат 10 шамасында З.Қабдолов көшесінде ксенон шамы орнатылған «Лада 21144» автокөлігі тоқтатылды. ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі («Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару») бойынша 34 жастағы жүргізушіге 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.

* * *

Атырауда жүргізуші жол-көлік апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Атырау ҚПБ-на Әбілхайырхан даңғылында Hyundai Accent көлік құралы Toyota Camry көлігімен соқтығысты. ЖКО-нан кейін «Тойотаның» 37 жастағы жүргізуші қашып кетіп, кейін анықталып, ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы») және 611-бабының 2-бөлігі («Жүргізушінің өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы») бойынша хаттама толтырылды. Іс мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

* * * * *

19 мамырға қараған түні патрульдік полиция қызметкерлері Бейбарыс-Тайманов көшесінің қиылысынан “Mercedes Benz” маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 25 жастағы азаматшаның бұрын жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтаған.

Автокөлік айып тұрағына қойылып, заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігі (басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 150 087 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, патрульдік полицейлер жыл басынан бері көлік жүргізу құқығынан айырылған күйде көлік тізгіндеген 100-ге жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2022, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.