Атырау, 3 қыркүйек 14:41
 дождьВ Атырау +26.8
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

​Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын 2026 жылдың ортасына дейін тұрақтандырды

1 132 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті. Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне еніп, 30 маусымға дейін қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көтерме баға: 59 722 теңге/тонна (ҚҚС-сыз). Бұл деңгей 2025 жылғы 1 тамыздан бері өзгеріссіз сақталып отыр. Бұған дейін өңірлер бойынша бөлшек саудадағы шекті бағалар белгіленген:

    • Астана және Алматы — 112 теңге/литр
    • Маңғыстау облысы — 72 теңге/литр
    • Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары — 85 теңге/литр
    • Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент — 102 теңге/литр

Қашықтағы елді мекендер үшін бөлек тарифтер қолданылады:

  • Кейбір аймақтарда — 117 теңге/литрге дейін
  • Атырау облысында — 90 теңге/литрге дейін
  • Маңғыстау облысында — 77 теңге/литрге дейін

Министрліктің шешімі сұйытылған газ нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халық пен бизнес үшін отын құнының күрт өзгеруіне жол бермеуге бағытталған.

23 желтоқсан 2025, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.