3 қазанда ТЖД-не Исатай ауданының Аққыстау ауылынан шамамен 55 шақырым қашықтықта Жанбай ауылы тұсында Каспий теңізінің жағалауында екі адам мінген көлік толқын салдарынан теңіз жағасына батып қалғаны туралы шақырту түсті. Адамдар өздігінен шыға алмай қалған.
Атырау облысы ТЖД Исатай аудандық №6 ӨСБ қызметкерлері, Жанбай шекаралық бекеті және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру- құтқару жұмысына шықты. Нәтижесінде шақырту орнынан «Нива» автокөлігін мінген 79 жастағы және 55жастағы екі азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Олар Исатай ауданы Аққыстау ауылына жеткізілді. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА