Атырау, 5 желтоқсан 09:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрманғазыда 2 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Сурет
1 479 рет қаралды

«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі осындай.

Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі мен Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шарон өзені жағасынан 2 қайықты тоқтатып, тексеру кезінде аудан тұрғындарынан 1 тонна 400 кг қара балығы (сазан,көксерке) тәркіленді. 

Сондай-ақ, Құрманғазы ауданы Шора өзені жағасынан екі аудан тұрғыны басқарғын қайық тоқтатылып, тексеру кезінде 300 кг қара балық тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Құрманғазы ауданының Полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД ұсынған суреттер

15 қазан 2022, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.