Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырауда ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалған

1 280 просмотра

Атырауда мейрамхана алдындағы төбелес видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Баймұханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен кезде олардың бірі қашып құтылмақшы болған. 

Алайда 35 жастағы және 41 жастағы екі азаматты да полицейлер анықтады. Медициналық сараптаманың нәтижесімен олардың “орта дәрежелі” мас екендігі белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

31 тамыз 2022, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.