Атырау, 14 қараша 05:08
 дождьВ Атырау +7.4
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Психотроптық есірткіні заңсыз тасымалдаған

1 643 рет қаралды

Атырау полицейлері психотроптық есірткіні заңсыз тасымалдаған екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша республикалық іздеуде болған.

Ол еліміздің басқа өңірінде қарақшылық жасап, сол жерде оған іздеу жарияланған. Ұсталған екінші азамат - Атырау қаласының тұрғыны. Полицейлер Молдағалиев көшесінде Nissan автокөлігін тоқтатып, салонын тексеру кезінде 52 трамадол капсуласы мен 67 құты тропикамид тапты.

- Бұл препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша берілуі тиіс. Тексеру амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлады полиция.

Айнұр САПАРОВА

10 қыркүйек 2022, 00:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.