Атырау, 17 мамыр 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Заң бұзушылықтар хроникасы

Сурет
1 168 просмотра

Атырауда жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері ережені жиі бұзады, сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері «Akzhayіk» автопаркінің жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Осыдан кейін олардың қатысуымен жол жүру ережесін бұзу саны азаяды деп үміттенеміз, алайда бұған сену қиын.

* * * * *

Индер ауданының 58 жастағы тұрғыны тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар бойы ескірген құжатпен, яғни кеңестік төлқұжатпен өмір сүрген. Осыған байланысты ол жақында көші-қон қызметіне жүгінген.

Көші-қон қызметкерлері жедел әрекет етіп, оның ҚР азаматтығына қатыстылығын анықтау жұмыстарын жүргізіп, жеке басын куәландыратын жаңа құжатты дайындап, табыс етті. Ол өз кезегінде полицейлерге оның тағдырына белсене атсалысқаны үшін алғысын білдірді.

* * * * *

«Борышкер» іс-шарасы: 400 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар автокөлік анықталды.

14 қыркүйектен бастап патрульдік полиция Атырауда «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Атап айтқанда, бейнебақылау камерасы арқылы Балықшы ықшамауданында Lada маркалы автокөлігінің төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің 400 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды, жүргізуші қарызын өтемейінше оны кері ала алмайды.

* * * * *

17 қыркүйек күні сағат 03:00 шамасында Kia Sorento көлігінің 34 жастағы жүргізушісі  Әбілхайыр хан - Р.Ғабдиев көшелерінің қиылысында Renault Megane автокөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен жол жиегіндегі жаяу жүргіншілер жол белгісіне түйіскен.

Соқтығыс салдарынан Renault Megane көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және Kia Sorento көлігінің 2 жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

* * * * *

16 қыркүйекте Атырауда 5 азамат мас күйде қоғамдық орында төбелес шығарған.

Түн ортасы шамасында патрульдік полиция қызметкерлеріне Жедел басқару орталығынан Авангард-3 ықшамауданында төбелес болып жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелесті тоқтатып, оған қатысушылар Атырау қаласының 1990, 1993, 1994, 2000, 1990 ж.т. тұрғындары екені анықталды. Учаскеге жеткізу кезінде олар тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан. Медициналық сараптама олардың мас екенін растады. ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау») және 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қыркүйек 2022, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.