Атырау, 25 желтоқсан 14:00
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды

1 986 рет қаралды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. Жезөкшелікпен айналысатын 15 азаматша ұсталып, есепке қойылды.

- Бұдан басқа, іс-шара барысында «Ескі базар» ықшамауданындағы екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж қызметін көрсететін төрт қызметкер мен әкімшісі анықталды, - деп хабарлады ПД.

Заң бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») мен 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айнұр САПАРОВА

10 қыркүйек 2022, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.