
21 желтоқсанда ЕЭК Кеңесі 2030 жылдың аяғына дейін SOS батырмасы жоқ автомобиль әкелуге және өндіруге рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Жеңілдік бұрынғыдай ресми импорттаушылар мен өндіруші зауыттарға ғана беріледі. Ал жеке тұлғалар елге машина кіргізген кезде жедел қызметті шақыру жүйесін орнатуға міндетті, деп жазады kolesa.kz.
Айта кетейік, Қазақстанға SOS батырмасы жоқ автомобильді әкелуге және өндіруге былтырғы 1 ақпанға дейін рұқсат берілген. 2023 жылы оның мерзімі 2027 жылдың аяғына дейін ұзарды. Кәсіпкерлердің SOS батырмасын орнату қымбат, микросхема тапшы әрі құрылғы жасауға қажет бөлшек жоқ деген шағымына байланысты осындай шешім қабылданған. Оның үстіне, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелдік автоконцерндер құрылғыны Ресейдегі аккредиттелген зертханаларда сынақтан өткізе алмайды.
Қазақстанда машинаға SOS батырмасын орнату міндетті шара болғанымен, азаматтар жүйенің іс жүзінде дұрыс жұмыс істемейтініне жиі шағымданады. 2023 жылы Kolesa.kz редакциясы терминалдың бірін сынақтан өткізіп, жүргізушілердің шағымы негізсіз емес екеніне көз жеткізген.
Осы отырыста ЕЭК Кеңесі ресми дилер мәртебесі жоқ заңды тұлғаның ЕАЭО аумағына жаңа автомобиль кіргізуіне тыйым салды. Kolesa.kz сайтында бұл туралы бөлек материал бар.
В Атырау 0