
14 шілде күні сағат 20:50 шамасында Атырауда Владимирский көшесінде Toyota Camry көлігі Honda мотоциклімен соқтығысқан, сол екпінмен мотоцикл қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысқан.

Ауыр жарақат алған 33 жастағы мотоциклші облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысының ПД ұсынған суреттер
В Атырау +4