
Атырау-Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Атырау облысы бойынша ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктен жалпы салмағы 17 келі болатын марихуана табылды.
Операция ҰҚКД-мен және прокуратурамен бірлесіп жүргізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Айнұр САПАРОВА
Атырау облысының ПД жолдаған бейнежазба
В Атырау +4