Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Авангардта үш адамды атып кетті

Сурет Бейнежазба
2 519 рет қаралды

15 наурызда Атырауда кешкі ондар шамасында Авангардтың соңғы аялдамасында атыс болды. Шабуылшы «Калашников» автоматынан екі жігітті атып, үшіншісін ауыр жаралады.

Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды, олардың 26 жастағы ауылдасы басынан оқ жарақатын алып, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал көп ұзамай оқиға орнынан оқ жарақаты бар тағы бір мәйіт табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен, қазір полиция оны іздестіріп жатыр. Қылмыс орнында Атырау облысы ПД-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

«АЖ» мәліметінше, бұл оқиға жақында қаладағы клубтардың бірінде болған төбелеспен байланысты.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желідегі сурет пен бейнежазба

16 наурыз 2022, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.