Атырау, 5 желтоқсан 09:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Көшеде дәрет сындырудың қажеті жоқ: айналада камералар бар

1 301 рет қаралды

21 тамыз күні таңғы бес жарым шамасында Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз ер адам дәрет сындырып, әрі қарай "Ваз 2114" автокөлігіне мініп, кетіп қалады. Атырау ҚПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері сол адамға жақын маңдағы "Батыс" экипажын бағыттайды. 

Ұстау кезінде ер адамның Өзбекстан азаматы екендігі, оның көлік басқару куәлігі, тіпті жеке бас куәлігі жоқ екені және масаң күйде екендігі анықталды. Жағдайдың мән-жайы анықталғанша, ол Атырау ҚПБ қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 тамыз 2022, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.