Атырау, 23 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

БҚО жаңа жобалары: Саралжын учаскесін пайдалану үшін QazaqGaz қабылдады

103 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының  геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов және ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Саралжын учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану жөнінде келісімге қол қойды. Аталған участок Батыс Қазақстан облысының Казталов, Бөкей Орда және Жаңғала аудандарының аумағында орналасқан. 

Участок жаңа көмірсутек қорының анықталуы тұрғысынан перспективалы болып табылады. Геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуі сондай-ақ Каспий маңы шөгінді бассейнінің орталық бөлігінің геологиялық құрылысы туралы нақты зерттеу жасауға мүмкіндік береді.

Келісімге қол қою геологиялық барлау шараларының толық кешенін жүргізуге мүмкіндік береді, оған сейсмикалық барлау, іздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылау және кейінгі кезеңде учаскені өнеркәсіптік игеру перспективаларын бағалау кіреді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ заманауи экологиялық стандарттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.