Кеше Атырау қаласының ауруханасына табиғи газға уланып, алты адам түскен: оның екеуі ересек болса, бір жасөспірім мен үш кішкентай бала.
90 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
- Оқиға орнын тексеру кезінде түтін арнасының металл коррозиясының қалдықтарымен және ұсақ қоқыстармен бітеліп қалғаны анықталды. Салдарынан от сөніп, газ үйде орналасқан жылыту қазандығынан шыға бастаған. Сөйтіп газ бөлмелерге тарай бастаған, — дейді қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Магомед АХРИЕВ.
Биыл облыс бойынша тоғыз айдың ішінде табиғи газбен улану бойынша тоғыз дерек тіркелген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА