Атырау, 22 қараша 10:09
 дождьВ Атырау +6.7
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56

Атырау тергеу изоляторында сотталушылар наразылық білдірді

380 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

23 қазанда Атыраудың тергеу изоляторында төтенше оқиға орын алды.

«Ақ Жайыққа» белгілі болғандай, наразылыққа мекемедегі жағдайлар себеп болған. Қамаудағылар карантиндік блоктан адамдарды ауыстыруды талап еткен, бірақ мекеме әкімшілігі олардың талабын орындамағаннан кейін жағдай шиеленісе түскен.

Дереккөздердің мәліметінше, кейбір қамаудағылар өз-өзіне дене жарақатын салып, бастарын және денелерін әдейі жарақаттаған. Бірнеше зардап шегушіге медициналық көмек қажет болды. Алынған жарақаттардың сипаты мен ауруханаға түскендердің жағдайы әзірге белгісіз.

Оқиғадан кейін тергеу изоляторында жүріп-тұру шектеулері күшейтілді. Мекемеге прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) өкілдері келгені хабарланды.

Қамауда отырғандардың көңілінен дәл не шықпағаны, карантиндік блок төңірегіндегі жанжалдың неліктен туындағаны және оған қанша адамның қатысқаны әлі анықталған жоқ.

Материал жарияланған сәтте бұл ақпараттың ресми растауы болған жоқ. «Ақ Жайық» Атырау облысының ҚАЖД мен прокуратурасына осыған қатысты ақпарат алу үшін жолығады.

Айгүл МАНСҰРОВА

26 қазан, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.