Атырау, 26 қазан 21:44
 дождьВ Атырау +11.1
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Атырауда Республика күніне Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Сурет
85 рет қаралды

25 қазанда Республика күнінде Атыраудағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысты.

Алаңға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары жиналды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.

— Республика күні — мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім — біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін! — деді Болат Ақшолақов.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.


Еске сала кетсек, Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекет егемендігі туралы декларацияны қабылдады. 2022 жылы бұл мерекеге ұлттық мәртебе беріліп, қайтадан ресми демалыс күні болып белгіленді.

Бүгін, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.