
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде таратылып жатқан Kinder бренді өнімдеріндегі қауіпті заттар туралы ақпаратқа байланысты мән-жайды түсіндіріп берді.
Әлеуметтік желіде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралып жатыр. Бұл мәліметтер ескірген және 2016 жылға қатысты екенін хабарлады ведомстводағылар. Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған.
Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.
В Атырау 0