
14 қыркүйекте кешкісін Кеңөзек ауылдық округінен 15 шақырым кашықтықта (Атырау маңы) шамамен 4 га болатын қамыс жанған. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақжайық» резерватының қызметкерлері жұмылдырылды.
- Қазіргі уақыта жағдай тұрақты. Бүгін жанған жерде ТЖД-нің 2 қызметкері мен 1 техникасы және «Ақжайық» резерватның 15 қызметкері мен 3 техникасы кезекшілікте тұр, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.

Кейінірек Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы қосымша ақпарат таратты: «15 қыркүйекте Алғабас кентінен Каспий теңізіне қарай 30 шақырым жерде шамамен 6 га аумақта қамыс өсімдіктері бықсып жатыр. ТЖД (2 қызметкер және 1 ТРЭКОЛ техникасы) және «Ақжайық» МТР (30 қызметкер және 10 техника) күштері жұмылдырылды.
Ол жер батпақты және техника жетуге қиын болғандықтан өртті сөндіру мүмкін емес. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ТЖД мен «Ақжайық» МТР қызметкерлері аумақты қарауылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр».
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4