Атырау, 17 мамыр 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Атырау облысының тұрғыны Маңғыстау вокзалын «миналаған»

1 417 просмотра

Маңғыстау облысында ер адам теміржол вокзалының полиция бөлмесіне келіп, сөмкесіндегі бомба туралы айтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамызда сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Маңғыстау станциясының ТЖ вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 

Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиға орнына желілік полиция бөлімінің басшылығы, кезекші прокурорлар шықты. Аумақты қоршау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. 

Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады. 

Аумақты тексеру барысында, сондай-ақ сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

27 тамыз 2022, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.