Атырау, 16 тамыз 15:11
 дождьВ Атырау +26.7
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

«Деструктивті» ұры

2 056 рет қаралды

Сот 22 жастағы Атырау тұрғынына ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі («Аса ірі көлемдегі ұрлық») бойынша үкім шығарды.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол көлік жөндеу орталығының ғимаратына пластикалық терезе арқылы кіріп, жанар-жағармай өлшейтін манометр құрылғысы бар чемоданды, 2 дана кілттер жинағы мен «болгарка» құралын ұрлап кеткен. Сондай-ақ оның деструктивті діни ағымды ұстанатыны, бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

Сот 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД жолдаған сурет

4 тамыз 2022, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.